Полицейлер қандай балықтарды аулауға тыйым салынғанын айтып берді

Полицейлер қандай балықтарды аулауға тыйым салынғанын айтып берді

Балық ресурстары мен басқа да су жануарларының уылдырық шашу және көбеюі кезеңінде оларды заңсыз аулаудың алдын алу мен жолын кесу мақсатында 2024 жылдың 10 сәуір-5 маусымы аралығында Ақтөбе облысының аумағында «Уылдырық шашу - 2024» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шара аясында полиция қызметкерлері су айдындарында су жануарларын және балық ресурстарын қорғауға бағытталған рейдтік және профилактикалық жұмыстарды күшейтеді.
Ақтөбе облысының полиция департаменті азаматтарға қолданыстағы заңнамаға сәйкес облыстың су айдындарында келесі су жануарларын уылдырық шашу мен көбею кезінде аулауға тыйым салынатынын ескертеді:
шортан, көксерке, беріш, аққайран, ақмарқа, қызыл көз, торта, алабұға, тұрпа, тарақ балық – 10 сәуірден 10 мамырды қоса алғандағы аралықта;
сазан (тұқы), мөңке, оңғақ, жайын, қызыл қанатты шұбар балық, айнакөз, табан – 10 мамырдан 5 маусым аралығында;
шаян –1 ақпаннан 5 маусым аралығында.
Сондай-ақ, тәртіп сақшылары аталған тыйым салуды бұзғаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік көзделгенін азаматтардың назарына жеткізе отырып, табиғатқа ұқыпты қарауға, балық аулаудың белгіленген ережелерін сақтауға шақырады