31 желтоқсанда Ақтөбе қаласындағы Тұңғыш Президент саябағы алаңында облыс әкімі Асхат Шахаровтың қатысуымен жаңа жылдық мерекелер кезеңінде қоғамдық тәртіпті сақтауға және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жұмылдырылған ішкі істер органдары бөліністерінің гарнизондық таратуы өтті.
Алаңда облыстық ПД аппаратының, патрульдік полиция қызметкерлері, учаскелік полиция инспекторлары, Ұлттық ұланның әскери қызметшілері сап түзеді. Жеке құрам мен техниканың саптық байқауы өтті. Гарнизондық таратуға ІІО ардагерлері мен еріктілер де қатысты.
Полиция департаментінің бастығы Абай Жусупов Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Ержан Саденовтің атынан және өз атынан полицейлер мен әскери қызметшілерді келе жатқан жаңа жылмен құттықтап, зор денсаулық, мызғымас батылдық және олардың абыройлы және жауапты жұмысында табыс тіледі.
Облыс әкімі полицейлері мен ҚР ҰК әскери қызметшілерін келе жатқан Жаңа жылмен құттықтап, тыныш кезекшілік пен амандық тіледі.
Өңір полициясының басшысы бүгінгі гарнизондық тарату жеке құрамның қызмет атқаруға дайындығын тексеру, қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, облыстың әрбір тұрғыны өзін қауіпсіз сезінуі және жаңа жылдық мерекелер кезеңінде азаматтар үшін барынша қолайлы жағдай жасау мақсатында өткізіліп жатқанын атап өтті.
Гарнизондық тарату полиция бөліністері мен әскери қызметшілердің салтанатты маршымен аяқталды. Естеріңізге сала кетейік, облыстық ПД жеке құрамы 2023 жылдың 29 желтоқсанынан бастап қызмет өткерудің күшейтілген нұсқасына көшкен болатын.