Анасы кәмелетке толмаған балаларын тастап, серуендеуге кеткен

Анасы кәмелетке толмаған балаларын тастап, серуендеуге кеткен

Ювеналды полицияның жұмысының негізгі бағыттарының бірі-ата-аналары алкогольді асыра пайдаланатын қолайсыз отбасылармен жұмыс істеу.
Шілде айында ювеналдық полиция инспекторлары осындай тағы бір отбасын анықтады. Ақтөбе қаласының тұрғыны 81 жастағы мүгедек әжесіне үш жас баласын қалдырып, өзімен бірге 5 жасар баланы алып, үйіне бір аптакелмей, белгісіз бағытта серуендеп кеткен.
Бір аптадан кейін, әжесі ауырып қалғандықтан, ол танысынан балаларға қарай тұруды өтінген.
Алайда, танысы балалардың анасының мұндай жауапсыздығына ашуланып, полицияға қоңырау шалып, балалардың бақылаусыз қалғанын хабарлаған.
Ювеналдық полиция инспекторлары шақыртуға жедел келді.
«Біз бірден кәмелетке толмағандардың анасын таба алмадық, - дейді полиция қызметкерлері, - бір сағат ішінде ол өзінің жүрген жері туралы әртүрлі нұсқаларын хабарлады, келуге уәде берді, бірақ келмеді. Белгілі болғандай, ол үйіне асықпады».
Бұл дерек бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы 1-бөлігі «кәмелетке толмағанды тәрбиелеу, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамау"бойынша әкімшілік хаттама жасалды,
Тәртіп сақшылары балаларды "Аяла" балаларды оңалту орталығына және "Үміт" сәбилер үйіне олардың қауіпсіздігі үшін орналастыру туралы шешім қабылдады.
Қазіргі уақытта балалардың жағдайы қанағаттанарлық.
Бүгін Ақтөбе облысының полицейлері "Түнгі қаладағы балалар"атты үш күндік профилактикалық іс-шараның қорытындысын шығарды.
Кәмелетке толмағандар жасаған ұсақ бұзақылықтың 4 фактісінің жолы кесіліп, ҚР ӘҚБтК 434-бабы мен 435-бабы бойынша әкімшілік хаттамалар жасалды., оның ішінде екі кәмелетке толмағаннан полицейлер тыйым салынған 2 затты тәркіледі.