Ақтөбе облысында 33 ұялы телефон ұрлаған күдікті ұсталды

Ақтөбе облысында 33 ұялы телефон ұрлаған күдікті ұсталды

25 сәуір белгісіз тұлға түнгі уақытта жертөле үй-жайының пластикалық терезесін итеріп, Қобда ауылындағы сауда үйіндегі бутиктен 33 дана ұялы телефон мен 30 мың теңге ұрланған.

Шығын - 3,9 млн теңге.

28 жастағы жергілікті тұрғын ұсталып, 11 телефон тәркіленді.

Ұрлық жасағаннан кейін күдікті Шымкент қаласына барып, ұрланған телефондардың бір бөлігін сатқаны анықталды.

ҚР ҚК 188-бабы 3-бөлігі "Ұрлық" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті УҰИ-ға қамалды.