Полиция қызметкерлеріне міндеттерін орындау кезінде қарсылық көрсеткендерге қандай жауапкершілік көрсетілген

Полиция қызметкерлеріне міндеттерін орындау кезінде қарсылық көрсеткендерге қандай жауапкершілік көрсетілген

Полиция қызметкерлерінің лауазымдық міндеттерін атқару кезінде оларды қорлау, бағынбау және күш қолданумен байланысты қылмыстарды тергеу ҚР ІІМ бақылауында. Сонымен қатар, полиция қызметкерлеріне қызметтік міндеттерін орындау кезінде оларға қарсылық көрсету фактілері жиі орын алуда.
Ақтөбе облысы ПД Тергеу басқармасының бастығы Әсет Қалиев атап өткендей, қызметтік міндеттерін орындау кезінде полиция қызметкерлеріне қатысты күш қолданудың барлық фактілері бойынша күдіктілер ҚР ҚІЖК 128-131-баптарының тәртібінде УҰИ-ға қамалады, күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды.
2022 жылдың өткен кезеңінде Ақтөбе облысының ПД билік өкіліне күш қолданудың 10 фактісі тіркелді (ҚК 380-бабы), оның ішінде 6 қылмыстық іс бойынша сот құқық бұзушыларды кінәлі деп таныды және әртүрлі жаза түрлеріне, тіпті бас бостандығынан айыруға соттады, 4 қылмыстық іс тергелуде.
Осындай фактілердің бірі ағымдағы жылдың 2 қыркүйегінде Алға қаласында орын алды, мас күйінде қоғамдық тәртіп бұзған он жеті жігітті 102-нің шақыртуымен келіп, тергегелі жатқан үш полиция қызметкеріне олардың қарсылық көрсеткені мәлімделді.
Аталған факті бойынша 4 адам күдікті деп танылды және оларға қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.
ҚР ҚК 380-бабына сәйкес (билік өкіліне қатысты күш қолдану) өмірі мен денсаулығына қауіпті күш қолданғаны не билік өкіліне немесе оның жақындарына қатысты өзінің қызметтік міндеттерін орындауына байланысты күш қолдану қатері үшін. күдікті екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаға тартылады. Күдікті өзінің қызметтік міндеттерін орындауына байланысты билік өкіліне немесе оның жақындарына қатысты өміріне немесе денсаулығына қауіпті күш қолданғаны үшін 5 жылдан - 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаға тартылады.
Сонымен қатар, жеке құрам арасында заңдылықты сақтау және полиция қызметкерлерінің азаматтар алдындағы жауапкершілігін арттыру бойынша шаралар қабылдануда.