Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты М.Ахметжановтың тапсырмасы бойынша 1 қыркүйек күні еліміздің барлық жалпы білім беру мекемелерінде "Жалпыға бірдей құқықтық оқыту" акциясы өткізіледі. Бұл іс-шара кәмелетке толмағандардың құқықтарын қылмыстық қол сұғушылықтан қорғауға және кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың алдын алуға бағытталған.
Осыған байланысты, білім күні Ақтөбе облысы Полиция департаментінің бастығы Абай Жусупов Н.Қастенов атындағы №51 гимназиясына барды.
ПД бастығы бүгін оқушыларды Білім күнімен құттықтады.
- Қазақстанның барлық оқушыларын, барлық оқытушыларды білім күнімен, оқу жылының басталуымен құттықтаймын! Мектепте оқыған жылдар, әрине, адам өмірінің ең қызықты да бай және ұмытылмас кезеңі, сонымен қатар ең жауапты кезі. Білім – бұл сіздің болашағыңыз, үлкен өмірге апаратын жол, заманауи әлемде өзін табуға, еліміздің шынайы азаматтары мен патриоттары болуға мүмкіндік беретінін ұмытпаңыз! - деп атап өтті А.Жусупов.
Полиция қызметкерлері қатысушыларға кәмелетке толмаған балалардың қылмыс пен құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік бар екендігі туралы айтып берді. Оқушылар жасөспірім ағзасы үшін тыйым салынған заттарды тұтынудың салдары қандай болатынын білді. Полицейлер сондай-ақ тәуелділіктің пайда болу қаупіне және осы препараттардың адамның психикалық және физикалық жағдайына әсер етуіне назар аударды.
Ювеналды полицияның мәліметінше, ағымдағы жылдың басынан бері жасөспірімдер жасаған 42 қылмыс және кәмелетке толмағандарға қатысты 48 қылмыс тіркелген.
Тәртіп сақшылары оқушыларға көшелер мен жолдардағы жүріс-тұрыстың негізгі ережелері туралы еске салды. Жүріс бөлігінен өту, велосипедпен және самокатпен сырғанау ережелері туралы айтылды.
Қорытындылай келе, уақтылы көмекке шақырудың маңыздылығы туралы ескертілді.
Құрметті оқушылар, егер Сіз өзіңізге қатысты қандай да бір құқыққа қарсы әрекеттер қабылданып жатыр деп ойласаңыз, дереу полицияға "102" телефоны арқылы хабарласыңыз немесе көшеде қызмет атқарып жүрген кез келген полиция қызметкеріне, мектептегі кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторына жолыға аласыз немесе полиция бөлімшесіне келе аласыз.