Жол апаты салдарынан 6 адам қаза тапты.

Жол апаты салдарынан 6 адам қаза тапты.

Ағымдағы жылдың 30 шілдесінде сағат 23.30-да Ырғыз ауданы Қалыбай аулының манында "Самара-Шымкент" автожолының 1046 шақырымында жол-көлік оқиғасы орын алып, адам өліміне алып келді.
"Хонда-Фит" маркалы автокөлігінің 32 жастағы жүргізушісі Қырғызстан Республикасының азаматы қарсы қозғалысқа арналған жолаққа шығып, Ырғыз ауданының 33 жастағы тұрғынының басқаруымен "Лада-Ларгус" маркалы автокөлігімен соқтығысқан.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан "Лада-Ларгус" маркалы автокөлігінің жүргізушісі мен 4 жолаушы алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Сонымен қатар, "Хонда-Фит" автокөлігінің жолаушысы ЖКО орнында көз жұмды, сондай-ақ "Хонда-Фит" автокөлігінің жүргізушісі 30 жастағы жолаушымен түрлі жарақаттармен Ырғыз аулының аудандық ауруханасына жатқызылды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Ақтөбе облысы Полиция департаменті көлік жүргізушілерін жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады.
Естеріңізде сақтаңыздар, сіздерді үйде жақындарыңыз күтеді.
Жол қателіктерді кешірмейді!