Ақтөбе облысы Полиция департаментінің бастығы азаматтарды қабылдады.

Ақтөбе облысы Полиция департаментінің бастығы азаматтарды қабылдады.

Облыстық полиция басшысы Абай Жусупов санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, азаматтарды қабылдады. Азаматтар тікелей шағымдарымен, өтініштерімен және тілектерімен жүгінді. Әрқайсысы мазалаған сұрақтарына толық жауап алды. Негізінен алаяқтық фактілері бойынша қылмыстық істерді тергеу, іс материалдарын қарау кезінде қызметкерлердің әрекеттері мен әрекетсіздігі және басқа да мәселелер бойынша сұрақтар талқыланды.
Барлық келіп түскен өтініштер бойынша мұқият зерделеу және заңды іс жүргізу шешімдерін қабылдау туралы нақты тапсырмалар берілді.
Әрбір азамат өзін мазалаған сұрақтарына жауап алуға немесе туындаған мәселе жайында тікелей ПД бастығына жүгінуге құқылы екенін хабарлаймыз.
Азаматтарды қабылдауға алдын ала жазылу 8(7132) 936-303 телефоны бойынша жүзеге асырылады.