21-24 қазан аралығында облыс аумағында "Түнгі қаладағы балалар" республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті

21-24 қазан аралығында облыс аумағында "Түнгі қаладағы балалар" республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті

Жасөспірімдер қылмысының алдын алу, кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде және тұрғын үйден тыс жерде болу, сондай-ақ, алкогольдік ішімдіктердің, темекі өнімдерінің кәмелетке толмаған балаларға сату фактілерінің жолын кесу мақсатында ағымдағы жылғы 21-24 қазан аралығында облыс аумағында "Түнгі қаладағы балалар" республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті.
Жоспарланған іс-шараларды іске асыру барысында ювеналды полиция инспекторлары аулаларда, саябақтарда және жастар көп жиналатын орындарда, ойын-сауық орындарында рейдтік жұмыстар жүргізді. Жедел алдын алу іс-шарасы нәтижесінде полиция бөлімдеріне 209 кәмелетке толмаған бала жеткізілді, заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз сағат 23.00-ден 06.00-ге дейін тұрғын үйден тыс жерде болған 194 жасөспірім анықталды. Кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу бойынша міндеттерді орындамағаны үшін 11 ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Сағат 22.00 - ден кейін кәмелетке толмағандарды заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз көңіл көтеру орындарына кіргізгені үшін 4 жеке кәсіпкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Сондай-ақ, ювеналды полиция инспекторлары 27 жасөспірімді, 21 қолайсыз отбасын есепке қойды. Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияға 29 материал жіберілді.
Сонымен қатар, рейдтік іс-шаралар барысында кәмелетке толмағандардан полицейлер 7 тескіш-кескіш затты тәркіледі.