19 БҰЗУШЫЛЫҚ АНЫҚТАЛЫП, ЕКІ АҚТӨБЕЛІК АЗАМАТ ЗАҢСЫЗ БАЛЫҚ АУЛАҒАНЫ ҮШІН ҰСТАЛДЫ

19 БҰЗУШЫЛЫҚ АНЫҚТАЛЫП, ЕКІ АҚТӨБЕЛІК АЗАМАТ ЗАҢСЫЗ БАЛЫҚ АУЛАҒАНЫ ҮШІН ҰСТАЛДЫ

Ақтөбе облысының аумағында ағымдағы жылдың 20 қазаны мен 19 қарашасы аралығында "БРАКОНЬЕР" жедел алдын алу іс-шарасы басталды.Осы алдын алу іс-шарасының негізгі мақсаты – табиғат қорғау заңнамасын бұзу деректерін, биологиялық ресурстар объектілері мен өнімдерінің заңсыз айналымын анықтау мен жолын кесуге, экологиялық қылмыстық құқық бұзушылықтарды ашуға бағытталған.
Жедел–профилактикалық іс-шараны өткізудің бірінші күні мобильді топтар табиғат қорғау заңнамасын бұзудың 19 фактісін анықтады, оның ішінде жануарлар дүниесін пайдалану талаптарын және аң аулау қағидаларын бұзудың 14, балық аулау және балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау қағидаларын бұзудың 5 дерегі;
Сонымен қатар, жергілікті полиция қызметінің табиғатты қорғау қызметінде экологиялық қылмыстық құқық бұзушылықтарға қарсы күрес маңызды орын алады.
Мысалы, ағымдағы жылдың 20 қазанында осы жедел алдын алу іс-шарасын өткізу кезінде Ырғыз ауданының табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері Ырғыз ауылынан 110 шақырым жерде орналасқан "Торғай" көлінде "Сазан" тұқымдас балықтарды заңсыз аулаумен айналысқан екі жергілікті тұрғынды ұстады.
Тергеу әрекеттері барысында ұсталған адамдардан балық аулауға арналған құралдар, 3 дана балық аулау торлары, үрлемелі резеңке қайық, сондай-ақ жалпы салмағы 50 кг-ға жуық "Сазан" балығы тәркіленді.Аталған факті негізінде ҚР ҚК 335-бабы 3-бөлігі "Балық ресурстарын, басқа су жануарларын немесе өсімдіктерін заңсыз өндіру" бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Ақтөбе облысының Полиция департаменті облыс тұрғындарын табиғатты қорғау заңнамасының нормаларын сақтауға шақырады.
Қызыл кітапқа енген жануарларды қорғау және сақтау жұмыстары облыс ПД басшылығының ерекше бақылауында екенін атап өткіміз келеді.