20 қазанынан 19 қарашасына дейін Ақтөбе облысының аумағында "БРАКОНЬЕР" жедел алдын алу іс-шарасы басталды

20 қазанынан 19 қарашасына дейін Ақтөбе облысының аумағында "БРАКОНЬЕР" жедел алдын алу іс-шарасы басталды

Ағымдағы жылдың 20 қазанынан 19 қарашасына дейін Ақтөбе облысының аумағында "БРАКОНЬЕР" жедел алдын алу іс-шарасы басталды.
Осы алдын алу іс-шарасының негізгі мақсаты – табиғат қорғау заңнамасын бұзудың және биологиялық ресурстар объектілері мен өнімдерінің заңсыз айналымын анықтауға, жолын кесуге және экологиялық қылмыстық құқық бұзушылықтарды ашуға бағытталған.
"БРАКОНЬЕР" жедел алдын алу іс-шарасын өткізу үшін қалалық және аудандық бөлімшелерге ұйымдастырушылық-практикалық сипаттағы нақты міндеттер, сондай-ақ іс-шаралар жоспары көрсетілген тиісті нұсқаулар жіберілді.
Облыс аумағында жергілікті полиция қызметі мен криминалдық полиция бөлімшелерінің қызметкерлерінен табиғатты қорғау қызметі желісі бойынша мобильді топтар құрылды. Қызыл кітапқа енген жануарларды қорғау және сақтау жұмыстары Полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында екенін атап өткіміз келеді.