Полиция мен қоғамдық көлік жүргізушілері "қалта ұрлығымен" күресуде

Полиция мен қоғамдық көлік жүргізушілері "қалта ұрлығымен" күресуде

Қоғамдық көлікте жасалатын қалта ұрлығы жағдайларының жиілеп кетуіне байланысты автобус маршруттарының қызметкерлерімен бірлесіп, қалта ұрлығын жасау әдістері мен тәсілдері туралы профилактикалық іс-шаралар жүргізіледі.
Ақтөбе қалалық Полиция басқармасы өз мүлкін қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау бойынша брошюралар әзірленіп, жолаушылар арасында таратылды.
Сондай-ақ, маршруттық автобустардың жүргізушілері мен кондукторлары қала аумағында қалта ұрлығымен айналысатын адамдардың фотосуреттерімен танысты.
Ағымдағы жылдың 9 айында Ақтөбе қаласының аумағында 240 қалта ұрлығы тіркелді.
Мысалы, 8 қазанда белгісіз адам №8 қоғамдық көлік салонында 60 жастағы жолаушының сөмкесінен жасырын түрде әмиянын ұрлап кеткен, оның ішінде банк карталары, 30 мың теңге сомасындағы ақша және жеке куәлік болған. Шығын 30 мың теңгені құрады.
Полиция қызметкерлері жедел іс-шаралар барысында 28 жастағы күдіктіні ұстады. Ұрлық фактісі негізінде ҚР ҚК 188-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Полиция департаменті қала тұрғындары мен қонақтарын тағы да ескертеді: сақ болыңыз және қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз, өз мүлкіңізді сақтау үшін барлық қажетті шараларды қолданыңыз.