Ақтөбе облысында автобус жүргізушілері 1300 әкімшілік құқық бұзушылыққа жол берді

Ақтөбе облысында автобус жүргізушілері 1300 әкімшілік құқық бұзушылыққа жол берді

Ақтөбе облысының аумағында " Автобус " Республикалық жедел алдын алу іс-шарасы өтуде. Жеті күн ішінде полиция жолаушылар көлігі жүргізушілері тарапынан 1300 бұзушылықты анықтады.

Көлік құралын басқару кезінде ұялы телефонды пайдаланғаны үшін 212 жүргізуші, маневр жасау ережелерін бұзғаны үшін – 315, жылдамдықты асырғаны үшін – 16 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, автобус парктерінің 12 лауазымды тұлғасы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 241 автобустың жылыту мен электр жабдықтарының жағдайына сәйкестігі тексерілді.