Қаржы пирамидасы немесе қалай тез ақша табуға болады?

Қаржы пирамидасы немесе қалай тез ақша табуға болады?

Ақтөбе облысының Полиция департаменті азаматтарды алаяқтардың құрбаны болмас үшін аса сақ болуға және бейтаныс адамдарға сенбеуге шақырады. Егер Сізге өте жоғары пайызбен ақша салу ұсынылса, кепілдендірілген табыс уәде етіле ме? Сақ болыңыз, сәтті инвестициялық компания қаржылық пирамидаға айналуы мүмкін. Өкінішке орай, бүгінде адамдар алаяқтықтың бұл түрімен жиі кездеседі, немесе оңай ақшаның иісі олардың ақыл-ойларын бұлыңғырлап, шамадан тыс сенімділік оларды ағат қылыққа әкеледі.
Мысалы, ағымдағы жылдың 4 қыркүйегінде полиция бөліміне 47 жастағы Ақтөбе қаласының тұрғыны алаяқтық туралы арыз берген. Зардап шегушінің айтуынша, ағымдағы жылдың маусым айында үйде отырып, таныстарында инвестициялық ақшалай салымдар туралы әңгіме басталды. Екі апалы-сіңлілі "Finiko" компаниясына инвестициялық салым және биржаларда ақшаны айналдыру сылтауымен жәбірленушіден үлкен көлемде ақша алып кеткен. Алайда, ақша да, уәде етілген екі еселенген сома да болмаған. Жедел-іздестіру шаралары барысында күдіктілердің жеке басы анықталды. Олар екі апалы-сіңілілер болып шықты. Келтірілген залалдың сомасы 10 млн.теңгені құрайды. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігі "Алаяқтық" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.