Ақтөбеде облыстық Полиция департаментінің бастығы Атығай Арыстановтың халық алдындағы есебі өтті

Ақтөбеде облыстық Полиция департаментінің бастығы Атығай Арыстановтың халық алдындағы есебі өтті

     7 сәуірде Ақтөбеде облыстық Полиция департаментінің бастығы Атығай Арыстановтың халық алдындағы есебі өтті. Есеп облыстық "Aqtobe" телеарнасында тікелей эфир форматында өтті.
    Ең алдымен, облыстық Департамент басшысы азаматтарды 2020 жылғы және ағымдағы жылдың бірінші тоқсанындағы жедел-қызметтік жұмыстардың қорытындылары, өңірдегі құқық бұзушылықтардың алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтау және қылмысқа қарсы күрес бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы хабардар етті.
      Атығай Арыстанов ағымдағы жылы жедел-қызметтік жұмыстың бірінші кезектегі міндеті жалпы өңірдің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, азаматтардың өмірін, денсаулығын және мүлкін қорғау болып табылатынын атап өтті.
   2020 жылы қоғамдық орындарда және көшелерде мас күйінде, бұрын қылмыс жасағандар, кәмелетке толмағандар және алынбаған және өтелмеген соттылығы бар адамдар жасаған қылмыстық құқық бұзушылықтар санының азаюының оң динамикасына қол жеткізілді.
    Сондай-ақ, ПД бастығы қазіргі заманғы жағдайды ескере отырып, полиция қызметкерлерінің бірінші кезектегі міндеттерінің бірі есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл болып табылатынын атап өтті. 2021 жылы тәртіп сақшылары есірткі заттарының айналымына байланысты 301 қылмыстық құқық бұзушылықты, оның ішінде 43 өткізу фактісін анықтады. Заңсыз айналымнан 500 кг астам есірткі тәркіленді.
    Облыстың бас полицейі интернет-алаяқтықтың алдын алу қажеттігіне ерекше назар аударып, ақтөбеліктерді қырағы болуға және қаржылық мәмілелер кезінде жеке құжаттардың деректемелерін хабарламауға шақырды.
   Спикердің сөзінен кейін облыс тұрғындары ведомство басшысына өздерін қызықтырған сұрақтарды қоюға, сондай-ақ полиция жұмысы туралы пікір алмасуға мүмкіндік алды.
Ақтөбеліктерді түрлі мәселелер қызықтырды, олар жол қауіпсіздігі, көші-қон, әкімшілік заңнама, шектеу шаралары, сондай-ақ бейнебақылау камераларын орнату мәселелеріне қатысты болды. Сұрақтардан басқа, бірнеше азамат ұзақ уақыт бойы шеше алмаған мәселелерді шешуге көмектескені үшін полиция қызметкерлеріне және облыстық ПД бастығына алғыстарын білдірді.
     Атығай Арыстанов тікелей эфир арқылы келіп түскен 10 сұраққа жауап берді. Тікелей эфир барысында барлық сұрақтарға толық жауаптар берілді.