Жыл басынан бері «Рубеж» аппараттық-бағдарламалық кешенінің көмегімен 16470 жол-қозғалыс ережесін бұзу деректері тіркелді

Жыл басынан бері «Рубеж» аппараттық-бағдарламалық кешенінің көмегімен 16470 жол-қозғалыс ережесін бұзу деректері тіркелді

     Естеріңізге сала кетейік, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және көлік құралдарының Ақтөбе қаласына кіруін/шығуын бақылау мақсатында қаланың 7 шығу жолына «Рубеж» аппараттық-бағдарламалық кешендері орнатылды. Аталған жүйелер мемлекеттік нөмір белгілерін, КҚ маркасы мен түсін автоматты түрде тануға, сондай-ақ жылдамдық режимінің бұзылуын анықтауға арналған.

    Полиция департаменті барлығынан жол қозғалысы ережелерін, әсіресе жылдамдық режимін сақтауды сұрайды.

       Жылдамдық өлшегіштері бар "Рубеж" кешендері мына трассаларда орналасқан:

* Ақтөбе-Орск

* Ақтөбе-Орал

* Ақтөбе-Хромтау

* Ақтөбе-Мәртөк

* Ақтөбе-Алға

        Жылдамдық өлшегіштері жоқ "Рубеж" кешендері мына трассаларда орналасқан:

* Ақтөбе-Родниковка

* Ақтөбе-Богословка