Жыл басынан бері Ақтөбе облысының автожолдарында - 116 жол-көлік оқиғасы тіркелді

Жыл басынан бері Ақтөбе облысының автожолдарында - 116 жол-көлік оқиғасы тіркелді

        Жыл басынан бері Ақтөбе облысының автожолдарында
- 116 жол-көлік оқиғасы тіркелді, онда 20 адам қаза тауып, 172 адам зардап шекті.
- 37 жаяу жүргіншіні қағып кеткен, онда 5 жаяу жүргінші қаза тапты және 35 жаяу жүргінші зардап шекті.
- Балалардың қатысуымен 18 жол-көлік оқиғасы орын алды, онда 1 бала қаза тауып, 27 адам зардап шекті.
     Жол-көлік оқиғасының санын азайту мақсатында ақтөбелік полицейлер халық арасында түсіндіру жұмыстарын тынымсыз жүргізуде.
        Бүгін олар орта оқу орындарының, Ақтөбе автожол колледжі мен көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжінің студенттерімен ZOOM платформасы арқылы онлайн-әңгімелесу өткізді. Кездесуге 200-ден астам студенттер қатысты. Полиция қызметкерлері оларға жол қозғалысы ережелерін сақтаудың маңыздылығын және жолдардағы немқұрайлылықтың неге әкеліп соқтыратынын түсіндірді.
    Құрметті жүргізушілер, жолаушылар және жаяу жүргіншілер! Егер біз барлығымыз жол жүру ережелерін қатаң ұстанатын болсақ, белдіктерді тағып, қарсы жолға шықпасақ, рұқсат етілген жылдамдықтан аспасақ, жолда өзара сыпайы болсақ, онда өзіміз бен басқалардың өмірі мен денсаулығын сақтаймыз.