Ақтөбеде белгісіз ер адам бірнеше рет дүкендерден құлаққап ұрлаған

Ақтөбеде белгісіз ер адам бірнеше рет дүкендерден құлаққап ұрлаған

   Смартфондарға арналған құлаққаптарды күдікті облыс орталығының дүкенде рі мен сауда үйлерінің сөрелерінен ұрлап кеткен.

    Ұрлық туралы полицияға дүкен қызметкерлері хабарлаған. Полиция қызметкерлері бейнебақылау камераларын қарау барысында күдіктіні анықтап, жедел іс-шаралар барысында қаланың 30 жастағы тұрғынын ұстады.

   Ұрланған затты күдікті көшедегі белгісіз адамдарға сатып, ал түскен қаражатты өз қажеттіліктеріне жұмсағаны анықталды.

       Қазір полицейлер ұсталған адамға қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы «Ұрлық» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. Күдіктінің ұқсас қылмыстық жауапкершіліктерге тартылғанын ескере отырып, оған үш жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе шектеу қаупі төнуі мүмкін.

      Ең бастысы – қызметкерлердің қырағылығы. Дүкендегі ұрлық ықтималдығын азайту үшін, сапалы техникалық жабдықтар, дұрыс орналасу, негізгі алаяқтық схемаларды білу, қызметкерлердің қырағылығы және иесінің ұқыптылығы сияқты барлық құралдар жақсы. Ұрлықпен күресу белгілі бір инвестициялар мен күш-жігерді қажет етеді, бірақ, сайып келгенде, нәтиже дүкеннің пайдасы мен беделіне оң әсер етеді.