Жыл басынан бері Ақтөбе облысының полициясына азаматтардың хабар-ошарсыз жоғалуы бойынша 900-ден астам хабарлама келіп түсті.

Жыл басынан бері Ақтөбе облысының полициясына азаматтардың хабар-ошарсыз жоғалуы бойынша 900-ден астам хабарлама келіп түсті.

Жыл басынан бері Ақтөбе облысының полициясына азаматтардың хабар-ошарсыз жоғалуы бойынша 900-ден астам хабарлама келіп түсті.

2026 жылдың басынан бері Ақтөбе облысы Полиция департаментіне азаматтардың хабар-ошарсыз жоғалуына қатысты 900-ден астам хабарлама келіп түсті. Оның ішінде 470 өтініш кәмелетке толмағандарға қатысты.
Криминалдық полиция, патрульдік полиция және басқа да қызметтердің жедел әрекеттерінің нәтижесінде із-түзсіз жоғалғандардың басым бөлігі анықталып, үйлеріне қайтарылды. Қазіргі уақытта үш азаматтың жүрген жері әлі белгісіз, оларды іздестіру жұмыстары жалғасуда.
Азаматтардың хабар-ошарсыз жоғалуының себептері әртүрлі. Ересектердің бірқатары туыстарына ескертпестен жұмыс іздеп басқа жаққа кетіп, байланысқа шықпай қалады немесе тұрғылықты жерін ауыстырады. Ал кәмелетке толмағандар көбіне отбасындағы жанжалдардан, ата-аналарымен түсініспеушіліктің салдарынан немесе салдарын толық түсінбей, өз еркімен үйден кетіп қалады.
Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері төмендегі азаматтардың жүрген жерін анықтау мақсатында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуде:
• Хасенов Асылхан Айдарханұлы, 1981 жылғы 15 шілдеде туған, Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданының тумасы;

Әрбір хабар-ошарсыз жоғалу фактісі бойынша дереу іздестіру топтары құрылады. Полицейлер туыстары мен таныстарынан, куәгерлерден жауап алады, болуы мүмкін орындарды тексереді, бейнебақылау камераларының жазбаларын зерделейді, сыртқы нарядтарға бағдар береді, еріктілермен және басқа мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасайды. Қажет болған жағдайда іздестіру жұмыстары облыстан тыс жерлерде де жүргізіледі.
Полиция департаменті өңір тұрғындарына үндеу жасайды: егер іздестіріліп жатқан азаматтардың жүрген жері туралы немесе оларды табуға көмектесетін қандай да бір ақпарат белгілі болса, бұл туралы дереу 102 нөміріне, 8-707-765-35-25, 8-778-453-16-10, 8-708-188-63-58 телефондарына хабарлауды немесе жақын жердегі полиция бөліміне жүгінуді сұрайды.