Шалқар ауданының тұрғыны тапқан артиллериялық снарядтарды полицияға ерікті түрде тапсырды

Шалқар ауданының тұрғыны тапқан артиллериялық снарядтарды полицияға ерікті түрде тапсырды

Шалқар ауданының тұрғыны өз үйінің аумағынан табылған алты артиллериялық снарядты полицияға ерікті түрде тапсырды.
Ер адамның айтуынша, қауіпті заттар шаруашылық аумағындағы ескі, пайдаланылмайтын сарайды тазалау кезінде табылған. Табылған заттардың қауіпті екенін түсінген азамат бұл туралы бірден полицияға хабарлаған.
Полиция қызметкерлері оқ-дәрілерді тәркілеп, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қажетті шараларды қабылдады. Қауіпті заттарды ерікті түрде тапсырғаны үшін азаматқа 181 950 теңге көлемінде ақшалай сыйақы төленеді.
Полиция заңсыз сақталған қару-жарақты, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды ерікті түрде тапсырған азаматтардың қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылатынын еске салады.
Қару-жарақ, оқ-дәрі, снарядтар немесе өзге де қауіпті заттарды тапқан жағдайда дереу полицияға хабарлауға шақырады. Мұндай заттарды ұстап көруге, қозғауға немесе өз бетінше пайдалануға болмайды, себебі бұл адамның өмірі мен денсаулығына елеулі қауіп төндіруі мүмкін.