
Ақтөбе қаласындағы сауда орталықтарының бірінде зергерлік бұйымдарды ұрлау фактісі тіркелді. Белгісіз әйел сауда нүктесі қызметкерлерінің назарын пайдаланып, витринадан 10 сақинаны ұрлап кеткен.
Келтірілген материалдық шығын көлемі 125 мың теңгені құрады.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері бейне камера арқылы күдіктінің жеке басын анықтады. Ол 42 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Әйел полиция бөліміне жеткізіліп, өз кінәсін мойындады.
Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің «Ұрлық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Қазіргі уақытта күдіктінің қала аумағында жасалған осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.
Ақтөбе облысы Полиция департаменті сауда нысандарының иелеріне қауіпсіздік шараларын күшейтуді, ал азаматтарға құқыққа қайшы әрекеттердің кез келген фактісі туралы 102 нөміріне хабарлауды ұсынады.