Ақтөбе облысы полиция департаментінде Мемлекеттік рәміздер күніне арналған кездесу өтті

Ақтөбе облысы полиция департаментінде Мемлекеттік рәміздер күніне арналған кездесу өтті

Ақтөбе облысы полиция департаментінде Мемлекеттік рәміздер күніне орай "Рәміздер рухы – Конституция күші" тақырыбында тағылымдық іс-шара ұйымдастырылды. Кездесуге ішкі істер органдарының ардагері, Ақтөбе қалалық мәслихатының депутаты Райса Байлиева, Ақтөбе облысы Ішкі саясат басқармасының бас маманы Гүлхан Раисова және полиция қызметкерлері қатысты. https://youtube.com/shorts/g0piycqBsow Іс-шара барысында қатысушылар мемлекеттік рәміздердің ел тарихындағы орны мен маңызы, сондай-ақ Конституцияның қоғам өміріндегі рөлі туралы пікір алмасты. Спикерлер Ту, Елтаңба және Әнұран тәуелсіз Қазақстанның басты құндылықтары мен бірегейлігінің нышаны екенін атап өтіп, оларға құрметпен қарау әрбір азаматтың қасиетті борышы екенін жеткізді. Кездесу еркін пікір алмасу форматында өтіп, қатысушылар патриоттық тәрбие, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, заң үстемдігін қамтамасыз ету және азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру мәселелері төңірегінде ой бөлісті. Іс-шараның басты мақсаты – мемлекеттік рәміздерге деген құрметті арттыру, құқықтық мәдениетті нығайту және жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыру болды.