
Патрульдік полиция экипажы Берсиев көшесі бойында қызмет атқару барысында жол жиегінде көмек сұрап тұрған автокөлікті байқайды. Полицейлер дереу тоқтап, мән-жайды анықтаған кезде жүргізуші жұбайын перзентханаға алып бара жатқанын, алайда жолда әйелінің жағдайы нашарлап, жол кептелісіне байланысты ауруханаға өз күшімен жету қиын болғанын айтқан.
Взвод командирі Дулат Хасенов пен полиция инспекторы Арман Жақсылықов жедел шешім қабылдап, әйелді қызметтік автокөлікке ауыстырып, ауруханаға жеткізді.
Полиция қызметкерлерінің үйлесімді әрі кәсіби әрекеттерінің арқасында әйел санаулы минуттардың ішінде медициналық мекемеге жеткізіліп, қабылдау бөліміне дейін сүйемелденді.