Ақтөбе облысында Ұлы Жеңіс күніне орай соғысы ардагерлерінің жақындары мен тыл еңбеккерлеріне құрмет көрсетілді

Ақтөбе облысында Ұлы Жеңіс күніне орай соғысы ардагерлерінің жақындары мен тыл еңбеккерлеріне құрмет көрсетілді

Жеңіс күні Ақтөбе облысы Полиция департаменті бастығы полиция генерал-майоры Қайыркен Әлиев соғысының ардагері Михаил Диденконың жұбайы Тамара Афанасьевнаға, сондай-ақ тыл еңбеккері Бақыт Базарғалиевич Гизатовқа арнайы барып, мерекемен құттықтады.
Кездесу барысында департамент басшысы ардагерлерге соғыс жылдарындағы ерлігі, төзімділігі мен жанқиярлық еңбегі үшін шынайы алғысын білдіріп, жеңімпаз ұрпақтың ерлігі әрдайым отансүйгіштік пен елге адал қызмет етудің үлгісі болып қала беретінін атап өтті.
Қайыркен Әлиев ардагерлерді мерекемен құттықтап, оларға зор денсаулық, амандық, ұзақ ғұмыр тіледі. Сондай-ақ естелік сыйлықтар, гүл шоқтарын табыстады.
Тамара Афанасьевна мен Бақыт Базарғалиевич полиция қызметкерлеріне көрсеткен құрметі мен қамқорлығы үшін алғыс айтып, аға буынның ерлігі мен еңбегін ұмытпау маңызды екенін жеткізді.
Осындай кездесулер мен құттықтаулар полиция қызметкерлері үшін Жеңіс күні қарсаңында және мереке күні қалыптасқан игі дәстүрге айналған. Олар жыл сайын ардагерлер мен тыл еңбеккерлеріне құрмет көрсетіп келеді.