Ақтөбе облысы Полиция департаментінде Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күні салтанатты түрде атап өтілді

Ақтөбе облысы Полиция департаментінде Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күні салтанатты түрде атап өтілді

Салтанатты іс-шара алдында Ақтөбе облысы ПД бастығы полиция генерал-майоры Қайыркен Әлиев және Ардагерлер кеңесінің төрағасы Ырғызбай Кенжеханов қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан қызметкерлерге арналған обелискке гүл шоқтарын қойып, батырларды бір минут үнсіздікпен еске алды.

Одан кейін Департамент бастығы салтанатты жағдайда үздік қызметкерлерге Ішкі істер министрлігінің наградалары мен Полиция департаментінің грамоталарын табыс етті.

Қайыркен Әлиев ардагерлер мен полиция қызметкерлерін мерекемен құттықтап, адал қызметтері үшін алғыс білдірді.

«Қай заманда болмасын, Отанды қорғау – әрбір азаматтың қасиетті борышы. Бұл мереке – халқымыз үшін ерлік пен қайсарлықтың, Отанға деген шексіз адалдықтың символы. Жас ұрпақ Отан қорғаушылардың ерлік істерін ұмытпауы тиіс. Барша ардагерлер мен Отан қорғаушыларды шын жүректен мерекемен құттықтаймын!» – деді Департамент бастығы өзінің құттықтау сөзінде.

Одан әрі іс-шара концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.