Дрондар – тәртіп күзетінде: Актөбе полициясының заманауи мүмкіндігі

Дрондар – тәртіп күзетінде: Актөбе полициясының заманауи мүмкіндігі

Әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтауда ұшқышсыз ұшу аппараттарын (дрондарды) пайдалану қазіргі заманғы бақылау және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жүйесінің маңызды бөлігіне айналып отыр. Актөбе қаласының патрульдік полициясы дрондарды қызмет барысында белсенді түрде қолдануда.
Полиция қызметкерлерінің айтуынша, дрондарды пайдалану аумақтарды бақылау тиімділігін айтарлықтай арттырып, ресурстарды үнемдеуге және құқық бұзушылықтарға жедел әрекет етуге мүмкіндік береді. Олардың мобильділігі мен кең ауқымды қамту мүмкіндігі жол қозғалысын және қоғамдық тәртіпті, соның ішінде қолжетімсіз аймақтарды да тиімді бақылауға жағдай жасайды.
Дрондар жоғары ажыратымдылықтағы камералармен, жылу бейнелеу құрылғыларымен және басқа да заманауи сенсорлармен жабдықталған. Бұл құқық бұзушылықтарды нақты уақыт режимінде тіркеуге мүмкіндік береді. Олардың қатарына жол қозғалысы ережелерін бұзу, заңсыз автотұрақ, қоғамдық тәртіпті бұзу, рұқсат етілмеген қоқыс тастау, сондай-ақ табиғатты пайдалану саласындағы құқық бұзушылықтар жатады.