
Ақтөбе қаласы Полиция басқармасының Патрульдік полиция батальонында саптық бөлім қызметкерлерінің ардагер тәлімгерлермен кездесуі өтті.
Іс-шара жас қызметкерлердің кәсіби деңгейін арттыру, қызметтік тәжірибе алмасу және патриоттық тәрбиені нығайту мақсатында ұйымдастырылды.
Кездесу барысында ішкі істер органдарының ардагерлері өздерінің көпжылдық қызмет тәжірибесімен бөлісіп, жас полицейлерге практикалық кеңестер берді. Әсіресе, заңдылықты сақтау, қызмет барысында кездесетін қиындықтарды еңсеру, сондай-ақ қызметтік міндеттерді адал әрі жауапкершілікпен орындау мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар, тәлімгерлер кәсіби этика, тәртіп және халықпен тиімді қарым-қатынас орнатудың маңыздылығы туралы айтып өтті.
Ашық диалог форматында өткен кездесуде жас қызметкерлер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, тәжірибелі мамандардан жан-жақты жауап алды.
Аталған іс-шара ұрпақтар сабақтастығын нығайтып, жас қызметкерлердің қызметке деген жауапкершілігін арттыруға ықпал етті.