Соңғы жылдары SMS-хабарламалар немесе автокөлік ұтысы немесе басқа да құнды сыйлықтар туралы хабарламалар кеңінен танымал болды. «Ұтысты» алу үшін зиянкестер әдетте электронды шоттарға белгілі бір ақша сомасын аударуды сұрайды, мұны салықтарды, кедендік баждарды, көлік шығыстарын және т.б. төлеу қажеттілігімен уәждейді. Ақшаны алғаннан кейін олар байланысқа шықпайды немесе қосымша соманы ұтысты ресімдеуге аударуды сұрайды.
Өзіңізді осындай қылмыстардан қорғау жолы өте қарапайым. Ең алдымен саналы әрекет ету қажет. Ұтыс ойынына қатысқаныңыз рас па? Ұтыс туралы хабарлама жіберген ұйым сізге таныс па? Акцияны ұйымдастырушылар сіздің байланыс деректеріңізді қайдан біледі? Егер сіз осы сұрақтардың кем дегенде біреуіне жауап бере алмасаңыз, келіп түскен хабарламаны елемеуге кеңес береміз.
Ағымдағы кезеңнің 9 айында Ақтөбе облысы ПД өндірісінде ҚР ҚК 190-бабы 2-бөлігі 4-тармағы бойынша қозғалған интернет желісін пайдалану арқылы алаяқтық фактісі бойынша 333 қылмыстық іс болды.
Оның ішінде: 73 қылмыстық іс өндіріспен аяқталды, оның 32 – і ауыр санаттағы, 41 – і орташа ауырлықтағы істер.
Алаяқтық дегеніміз-алдау немесе сенімге кіру арқылы біреудің мүлкін ұрлау.
Мысалы, ағымдағы жылғы 16 қыркүйекте полиция қызметіне 30 жастағы ақтөбелік тұрғыннан алаяқтық туралы арыз келіп түсті. Ер адам 2020 жылдың маусым айында Ақтөбе қаласының құрылыс компаниясына жұмысқа орналастыруға уәде берген алаяқтың құрбаны болғанын айтты. Атап айтқанда, жәбірленуші күдікті Ақтөбе қаласының 25 жастағы тұрғынына 50 мың теңге сомасында ақша берген. Белгілі болғандай, күдікті бұрын алаяқтық үшін сотталған. Күдікті ұсталды. Сотқа дейінгі тергеу басталды.
Егер Сіз мүмкіндік туып, ұтыс ойынын ұйымдастырушылармен байланысқа шықсаңыз, олардан науқан, оған қатысу шарттары және оны өткізу ережелері туралы барынша мүмкін болатын ақпарат алуға тырысыңыз. Есіңізде болсын, Интернет-сайтта сіздің атыңызды атап көрсету акция ұйымдастырушыларының парасаттылығын растау және сіздің ұтысыңыздың кепілі болып табылмайды.
Алға ауданының тұрғыны да осындай қулыққа алданып қалған. 11 қазанда Алға АПБ кезекші бөліміне Березовка кентінің тұрғыны белгісіз адам интернет арқылы сеніміне кіріп, «Сіз 90 мың теңге ұтып алдыңыз» деген сылтаумен, ақша алу үшін пайыз төлеу керек деп алдау жолымен 13 мың теңге сомасындағы ақшаны иемденді деген өтінішпен жүгінді. Жәбірленуші ақшаны банк картасына аударған, алайда карта нөмірін есінде сақтамаған.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 2-бөлігі «Алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды және күдікті адамды анықтауға және ұстауға бағытталған жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде.
Мұндай сайттардың мақсаты – қысқа мерзімде адамдардың ең көп санын алдау. Бүгінде Интернет-сайт құру бірнеше минуттық мәселе, сондықтан сайт жұмысын аяқтағаннан соң, көп ұзамай басқа мекенжайда, басқа дизайнмен және басқа атпен қайта жанданады.
Облыстық ПД ақтөбеліктерді қырағы болуға және интернет пен өзге алаяқтардың айла-амалдарына түспеуге шақырады. Жеке мүлік пен ақшаны сақтау мақсатында әрдайым деректерді қайта тексеру, әлі көрсетілмеген және алынбаған қызметтер немесе тауарлар үшін төлем жасамау қажеттігін ескертеді.
Сіздің жұртшылықпен бөліскіңіз келмейтін жеке ақпараттың қауіпсіздігін өзіңізден басқа ешкім сақтай алмайтындығын ұмытпаңыз.