
20–31 наурыз аралығында облыс аумағында құқық бұзушылықтардың алдын алу және жол-көлік оқиғаларының санын азайтуға бағытталған профилактикалық іс-шаралар өткізілуде. Ерекше назар жолаушылар тасымалдайтын автокөліктерге, сондай-ақ жол қозғалысы ережелерін жүйелі түрде бұзатын жүргізушілерге аударылуда.
Іс-шаралар барысында жол-көлік қауіпсіздігіне тікелей әсер ететін өрескел құқық бұзушылықтар анықталды. Атап айтқанда, «Chevrolet Cobalt» автокөлігінің жүргізушісі 12 рет, «Toyota» жүргізушісі 16 рет, ал «Geely» жүргізушісі 18 рет жол қозғалысы ережелерін бұзған. Аталған автокөліктер арнайы тұраққа қойылды.
Полиция департаменті ескертеді: жол қозғалысы ережелерін сақтау – әрбір жүргізушінің міндеті. ПДД талаптарын елемеу жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына нақты қауіп төндіреді және заңнамаға сәйкес жауапкершілікке әкеледі.
Полиция жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және жолдағы қауіпсіздікке әсер ететін құқық бұзушылықтарға жол бермеуге шақырады.