Қысқы кезеңдегі жолдардың жағдайы полицейлер мен жол қызметтері тарапынан талқыланды

Қысқы кезеңдегі жолдардың жағдайы полицейлер мен жол қызметтері тарапынан талқыланды

Ақтөбе облысы Полиция департаментінде қысқы кезеңде жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша жол қызметтері өкілдерімен жұмыс кездесуі өтті.
Іс-шараға прокуратура органдарының өкілдері, сондай-ақ Ақтөбе аумағындағы автомобиль жолдарын күтіп-ұстау және пайдалану жұмыстарына жауапты мердігер ұйымдар қатысты.
Кездесу барысында жолдардың қар мен мұздан уақтылы тазалануы, жол жамылғысын мұзға қарсы материалдармен өңдеу сапасы, сондай-ақ ауа райының күрт нашарлауына жедел әрекет ету мәселелері талқыланды. Полицейлер қысқы күтіп-ұстау жұмыстары бойынша кемшіліктер анықталған жекелеген автожол учаскелеріне қатысты ескертулер айтты.
Сонымен қатар республикалық және облыстық маңызы бар тас жолдарда жүргізушілерді ауа райы жағдайы, қозғалысқа енгізілген шектеулер мен төтенше жағдайлар туралы жедел хабардар ету үшін қосымша ақпараттық таблолар мен LED-экрандар орнату қажеттігіне ерекше назар аударылды.
Кездесу қорытындысы бойынша жол-көлік оқиғаларының алдын алу, ведомстволар арасындағы өзара іс-қимылды күшейту және қысқы кезеңде жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға бағытталған бірлескен шаралар айқындалды.