
Полиция аға лейтенанты Махамбет Абдуалиевтің бала кезінен бастап итке деген қызығушылығы ерекше болған. Қалалық жерде тұрса да, кішкентайынан көшеде ит-күшіктер көрсе, үйіне таситын ұлының қамқорлығына ата-анасы да түсіністікпен қараған.
Махамбеттің өз иттерін жақсы көргені соншалық, жазғы демалыста ауылға ата-әжесіне барса, иттерін да қалдырмай алып жүруді әдетке айналдырған.
Бүгінде мамандығын махаббатпен атқаратын Ақтөбе облысы полиция департаментінің инспектор-кинологы Махамбет Абдуалиев баптаған қызметтік иттер жоғары нәтижелер көрсетіп, қылмыстарды ашуда зор көмегін тигізуде.
Күшік кезінен баптаған «Барон» атты төрт аяқты серіктесі есірткі заттарын іздеп табудан Қазақстан Республикасы ІІМ чемпионы. 2025 жылдың өзінде «Барон» 30-ға жуық қылмыс орнына шығып, 15 рет есірткі қылмысын ашқан.
«Кинолог болу үшін – ең алдымен, иттерді жақсы көру қажет деп ойлаймын. Иттерден қорқатын немесе жануарларды ұнатпайтын адамнан жақсы кинолог шықпайды» - деп тұжырымдайды полиция аға лейтенанты М.Абдуалиев.