
Ақтөбе облысы Полиция департаментінің мәліметі бойынша, жыл басынан бері бейнебақылау камераларының көмегімен 99 жағдай абаттандыру ережесін бұзу фактісі тіркелді.
Әуеқалашығы ауданында ірі көлемді қоқысты заңсыз тастау дерегі тіркелді. Бейнебақылау камералары Авиагородок ауданы тұрғындарының бірі түнде тұрмыстық қалдықтарға арналған контейнерге тумбочка тастағанын анықтады.
Құрметті тұрғындар!
Ірі көлемді қоқыстарды (ескі жиһаз: диван, шкаф; есіктер, терезе жақтаулары, сондай-ақ құрылыс материалдарының қалдықтары) ортақ пайдаланылатын контейнерлерге тастауға қатаң тыйым салынатынын ескертеміз.
Мұндай қоқыстарды полигонға тұрғындар өз бетінше немесе жүк көлігін көршілер болып бәрігіп жалдау арқылы шығаруы тиіс. Қатты тұрмыстық қалдықтарды таситын арнайы техника ірі заттарды нығыздауға (престеуге) арналмаған. Ірі заттарды престеу қоқыс таситын көлік тетіктерінің бұзылуына алып келеді.
Полиция ескертеді: рұқсат етілмеген жерге қалдық тастау — абаттандыру ережесін бұзу болып есептеледі. Бұл үшін Сізге 20 айлық есептік көрсеткіштен басталатын айыппұл салынуы мүмкін.