
Ақтөбе облысы Полиция департаментінде қызметтік міндеттерін атқару барысында ерекше көзге түскен қызметкерлерді салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті.
«Адал полицей» республикалық акциясы аясында автожолдар жабылып, қатты боран соққан кезеңде қызмет барысында батылдық пен жоғары кәсібилік танытқан полиция қызметкерлеріне алғыс хаттар табысталды. Қиын ауа райына қарамастан, полицейлер жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, азаматтарға көмек көрсетіп, төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша тиісті шаралар қабылдады.
Ақтөбе облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Рустам Апсеттаров өз сөзінде мұндай жанқиярлық қызмет ерекше құрметке лайық екенін және полиция қызметкерлерінің қызметтік борышына адалдығының айқын дәлелі екенін атап өтті.
Сондай-ақ, департамент басшылығы мен өңір тұрғындары қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін полиция қызметкерлеріне жоғары баға беретінін айтып, жеке құрамға адал қызметі үшін алғысын білдірді.