
Олардың айласына Ақтөбе қаласының тұрғыны түсіп қалды. Алаяқтар оған WhatsApp мессенджері арқылы хабарласып, 30 желтоқсанға дейін тіркеуден өтпегенін айтып, «растау» үшін UCH сервисінен келген СМС-кодты айтуын сұраған.
Кейін жәбірленушіге өзін қаржылық мониторинг қызметкері ретінде таныстырған адам қоңырау шалып, оның атына барлық банктерде несие рәсімделіп жатқанын хабарлаған. Алаяқтардың нұсқауын орындаған әйел жинаған қаражатын шешіп алып, несие рәсімдеп, автокөлігін кепілге қойған. Келтірілген шығын 12 миллион теңгеден асты.
Аталған дерек бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.
Полиция департаменті ескертеді: ешқашан СМС-кодтарды және жеке деректерді үшінші тұлғаларға бермеңіз, олар өздерін мемлекеттік немесе қаржы ұйымдарының қызметкері ретінде таныстырса да.