Ақтөбеде есірткі притондарымен күрес жалғасуда: үй-жай иелері қылмыстық жауапқа тартылып жатыр

Ақтөбеде есірткі притондарымен күрес жалғасуда: үй-жай иелері қылмыстық жауапқа тартылып жатыр

Ақтөбе қаласында өтіп жатқан «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында полицейлер аумақтағы барлық үй-жайларды жаппай аралауда. Оның барысында қоғамдық қауіпсіздікке ғана емес, халықтың денсаулығына кері әсер ететін құқық бұзушылықтарға ерекше ден қойылып жатыр.
Шара басталғалы полиция көпқабатты үйлердің қабырғаларына жазылған 44 нарко-граффитиді анықтап, есірткі затын жарнамалау дерегі бойынша 27 қылмыстық іс қозғады. Қазіргі таңда тергеп-тексеру жүріп жатыр.
Учаскелік инспекторлар үй аралау барысында маскүнемдер мен нашақорлар жиналатын притондар ұйымдастыруға үй-жайларын берген 2 пәтер иесін анықтап, оларға қылмыстық іс қозғалды. Притондарда жиналып, есірткі затын қолданған 12 нашақор мәжбүрлі түрде емдеу мекемесіне жолданды, 139 адам ішкі істер органдарының «нашақор» есебіне қойылды.
Сондай-ақ, «Учаске» ЖПІШ барысында пәтер ішінде немесе үй жайларда (қоғамдық орынға жатпайтын) есірткі затын қолданған 224 адам әкімшілік жазаға тартылды.
Естеріңізге салай кетейік, «Учаске» іс-шарасы Ақтөбе қаласының аумағында 1 қыркүйектен бері жалғасып жатыр.