Заң және тәртіп: полицейлер қоғамдық орындарды ластаушыларды жазаға тартуда

Заң және тәртіп: полицейлер қоғамдық орындарды ластаушыларды жазаға тартуда

Қоғамдағы ұсақ құқық бұзушылықтарға «мүлдем төзбеушілік» қағидаты негізінде Ақтөбе облысының аумағында тәртіп сақшыларымен қоғамдық орындарды ластаушыларды анықтау мен жауапкершілікке тарту жұмыстары белсенді жүргізілуде.
Қолданыстағы заңнамада (ҚР ӘҚБтК 434, 434-2-бабы) ұсақ бұзақылық жасаушыларға 5-тен 20 АЕК-ге дейінгі айыппұл салу немесе 5 тәуліктен бастап 30 тәулікке дейінгі әкімшілік қамаққа алу түріндегі жаза көзделген. Бұл ретте, қоғамдық орындарды түкіру мен темекі немесе шемішкі қалдықтарын т.б. тастау арқылы ластағандар да жазасын қалмайды. Оларға алғашқыда 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, бiр жыл iшiнде қайталап жасалса, он айлық есептік көрсеткіш мөлшерін айыппұл салынады.
Жыл басынан бері облыс аумағында ұсақ бұзақылық жасағандарға қатысты 8.000-ден астам әкімшілік хаттама толтырылды. Бұл ретте, қоғамдық орындарды ластау деректерінің басым көпшілігін полицейлер бейнебақылау камераларының көмегімен анықтады.
Мысалы, қала тұрғыны бұған дейін әкімшілік жауапкершілікке тартылғанына қарамастан, сауда үйінің жанында тұрған кезде жерге темекі тұқылын тастаған.
Бұзушылық туралы ақпарат бейнебақылау камералары арқылы автоматты түрде жақын маңдағы полиция нарядына жеткізілді. Полиция қызметкерлері әкімшілік хаттама толтырды.
Әкімшілік соттың шешімімен ер адам 60 сағат қоғамдық жұмысқа тартылды.
«Мемлекет басшысы өз сөзінде әлемді шынымен өзгерткіміз келсе, өзгерісті қарапайым нәрседен бастау керек екенін атап көрсетіп, отбасында береке болуды ойлауға, айналаны ретке келтіруге, қоғамдық орында әдеп сақтауға шақырды. Бүгінде полиция қызметкерлерімен қабылданып жатқан бұл шаралар қоғамда ұсақ бұзушылықтарға жол бермеу мен мойынсұнбауға бағытталған маңызды қадам. Себебі қоршаған ортаны сыйламау мен мәдениетсіздік танытушылық үшін жазасыздықты сезіну - қоғамдық санаға кері әсер етіп, одан да үлкен бұзушылықтарға әкелуі мүмкін» - дейді Ақтөбе облысы ПД бастығының орынбасары Ардана Саймағамбетов.