Ақтөбе облысында есірткі өсімдіктерін заңсыз өсіру дерегі анықталды

Ақтөбе облысында есірткі өсімдіктерін заңсыз өсіру дерегі анықталды

Жедел ақпаратты тексеру барысында Мұғалжар ауданы, Қандыағаш қаласындағы 26 жастағы жергілікті тұрғынға тиесілі жеке үйдің ішінде арнайы жабдықталған жасырын бөлме анықталды. Аталған бөлме есірткі заты бар өсімдіктерді өсіруге арналған материалдармен қапталып, онда желдету, жарықтандыру және өсімдіктерге күтім жасау жүйелері орнатылған.
Тексеру нәтижесінде гүл құмыраларына отырғызылған шамамен 610 грамм марихуана, сондай-ақ 419 грамм кептірілген марихуана тәркіленді.
Сонымен қатар, күдіктінің үйінен газ тапаншасы мен шолақ мылтық табылып, тәркіленді.
Аталған факті бойынша қазіргі таңда тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.