Ақтөбе қаласының 36 жастағы тұрғыны алаяқтық жасады деген күдікпен полиция қызметкерлерімен ұсталды.
Тергеу барысында азаматтың Instagram әлеуметтік желісінде «Автобан Дубай» атауымен парақша ашып, Біріккен Араб Әмірліктерінен «қолжетімді бағамен» автокөлік жеткізіп беремін деп алдағаны анықталды.
Алаяқтық әрекеттердің салдарынан 7 азамат зардап шекті. Келтірілген жалпы материалдық шығын көлемі 50 миллион теңгеден асады. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы («Алаяқтық») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Ақтөбе облысының полиция департаменті азаматтарды қырағы болуға шақырады. Бейтаныс тұлғаларға ақшалай қаражат аудармауды, ақпараттың растығын тексеруді және ресми құжаттардың бар-жоғына көз жеткізуді сұраймыз. Күмән тудыратын жағдайлар орын алса, бірден құқық қорғау органдарына хабарласу қажет.