Ақтөбелік полиция ардагері Ұлттық чемпионатта күміс медаль иеленді

Ақтөбелік полиция ардагері Ұлттық чемпионатта күміс медаль иеленді

2025 жылғы 8-10 тамыз аралығында Орал қаласында дзюдодан ардагерлер арасындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық чемпионаты өтті. Ақтөбе құрамасы облыс намысын абыроймен қорғап, жоғары дайындық деңгейі мен жеңіске деген жігерін көрсетті.
Атап айтқанда, ішкі істер органдарының ардагері Самат Құрманов өз салмақ дәрежесінде күміс медаль жеңіп алып, ерекше көзге түсті. Сонымен қатар, спортшы биылғы қараша айында Францияда өтетін Әлем чемпионатына қатысуға лицензия алды.
Айта кету керек, ақтөбелік дзюдо және самбо шеберлері бірнеше жыл қатарынан ұлттық және халықаралық жарыстарда тұрақты түрде жоғары нәтиже көрсетіп келеді.
Спортшыларымызға мықты денсаулық, рухани күш-жігер және әлемдік аренада жаңа жарқын жеңістер тілейміз