Ақтөбеде магистрант дипломдық жұмыс сатып алмақ болып, интернет-алаяқтардың құрбанына айналды

Ақтөбеде магистрант дипломдық жұмыс сатып алмақ болып, интернет-алаяқтардың құрбанына айналды

Ақтөбе қаласындағы жоғары оқу орындарының бірінің 27 жастағы магистранты дипломдық жұмыс сатып алмақ болып, алаяқтарға алданып қалды.
Ол Instagram әлеуметтік желісінде диплом жазуға көмек көрсететіні туралы жарнамаға тап болып, WhatsApp арқылы хабарласқан. Белгісіз тұлға өз қызметін ұсынып, 125 мың теңге көлеміндегі ақшаны иемденіп алған.
Алайда уәде етілген жұмыс жасалмай, магистрант әрі ақшасынан, әрі диплом жұмысынан айырылған.