ҚР ІІМ логотипі
Меню
Страницы
Баспасөз орталығы
Департамент туралы
Байланыс ақпараты
Қызметі
Құжаттар
Онлайн қабылдау
Все материалы
Жергілікті полиция қызметі
20 июля 2024
Әйеліне қол жұмсаған азаматқа қылмыстық жаза тағайындалды

Алкогольдік мас күйінде әйелін ұрып-соққан Ақтөбе тұрғыны сот шешіміне сәйкес енді 80 сағат қоғамдық жұмыстарды атқаратын болады.
Тұрмыстық жанжал маусым айының соңында жұбайлардың көршісінің үйіне қонаққа баруынан басталған. Қонақтан алкогольдік мас күйінде оралған төрт баланың әкесі түнде үйінде ұрыс-керіс шығарып, әйелін жұдырығымен бірнеше рет ұрып жіберген.
Бұл дерек бойынша полиция қызметкерлері Қылмыстық кодекстің 108-1-бабы (денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру) бойынша дереу қылмысты іс қозғап, күдіктіні қамауға алды. Сонымен қатар, жәбірленушіге қатысты сот-медициналық сараптама тағайындады. Сараптама нәтижесі әйел денсаулығына жеңіл дәрежеде зиян келгенін көрсетті.
Сот отырысында 46 жастағы айыпталушы өз кінәсін толық мойындады, ал жәбірленуші алдағы уақытта күйеуімен ажырасуға ниетті екенін, себебі мұндай жағдай бұрын да болғанын, алайда полицияға хабарламағанын жеткізді.
Нәтижесінде, сот үкімімен әйеліне жұдырық жұмсаған азамат кінәлі деп танылып, оған қатысты 80 сағатқа қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі қылмыстық жаза тағайындалды. Сотталушы жазадан жалтарған жағдайда, жаза қамаққа алуға ауыстырылатын болады. Сонымен қатар, қылмыстың алкогольдік мас күйде жасалғанын ескеріп, сот оған үш ай мерзімге алкогольдік ішімдіктерді қолдануға тыйым салды.
Аталған құқық бұзушы азамат қазіргі таңда полицияның профилактикалық есебіне қойылып, ерекше бақылауға алынды.

 

Криминалдық полиция
20 июля 2024
Ақтөбе тұрғыны алаяқтарға сеніп 19 миллион теңгеге қарызданған

Полицияның жүйелі түрде ескертулеріне қарамастан, аңғал азаматтар кибералаяқтардың құрбаны болуды жалғастыруда. Өздерін түрлі құзырлы мекемелердің «қызметкері» ретінде таныстыратын қаскүнемдер телефон арқылы әрекет етеді.
Шілде айында Ақтөбе қаласындағы мекемелердің бірінің басшысы телефон-алаяқтарының арбауына түсіп, 19 миллион теңгеге қарызға кірген. Ақтөбелік әйелдің телефонына белгісіз адамдар “WhatsApp” мессенджері арқылы хабарласып, өздерін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Ұлттық банктің және Полиция департаментінің қызметкерлері ретінде таныстырған.
Қоңырау шалушылар жәбірленушіге оның атына алаяқтар түрлі банктерден 10 онлайн-несие рәсімделгенін және олардың күшін жою үшін өз атына бірнеше несие рәсімдеу қажеттігін айтқан. Әйел қоңырау шалушылардың барлық шарттарын орындап, қаладағы 3 банктен өз атына 14 миллион теңгеге жуық сомаға несие рәсімдеген. Сонымен қатар, жақын туыстарынан 5 жарым миллион теңге қарыз алған. Әрі қарай жалпы сомасы 19 миллион теңгеден асатын ақшаны алаяқтар көрсеткен банктік шоттарға аударған. Екі күннен кейін ғана алаяқтарға алданып, қарызға батқанын түсінген жәбірленуші полицияға арызданды.
«Құзырлы мекемелер қызметкерлері “WhatsApp” мессенджері арқылы қоңырау шалмайтынын, жеке деректеріңізді және телефонға ешқандай қосымша бағдарламалар жүктеуді сұрамайтынын және өз аттарыңызға несие рәсімдеп, аударып жіберуді талап етпейтінін азаматтардың тағы да есіне саламыз» - дейді Ақтөбе облысы ПД киберпол бөлімінің басшысы Галина Стырличук.

 

Криминалдық полиция
20 июля 2024
Полиция азаматтарды онлайн сатып алу кезінде қырағы болуға шақырады

Қазіргі таңда танымал сауда платформалары арқылы жасалған алаяқтықтар саны азаймай отыр. Қаскүнемдер онлайн сауда алаңдарында қызықтырарлық ұсыныстармен сатып алушыларды да, сатушыларды да қапы қалдыруда.
Шілде айында Ақтөбе қаласының тұрғыны «Олх» сайты арқылы «Айфон 15 ПРО» телефонын сатуға шығарған. Оған белгісіз адам (алаяқ) хабарласып, келісілген сомаға тауарды сатып алатынын айтып сендірген және хабарламаны алып тастауды сұраған. Әрі қарай алаяқ дәл осы хабарламаны өзінің байланыс телефонын көрсете отырып қайта орналастырған және онда нарықтан әлдеқайда арзанырақ бағаны көрсеткен.
Бұл хабарлама бойынша оған ақтөбелік әйел хабарласып, телефонды сатып алмақ болған. Алаяқ дереу телефон иесіне хабарласып, қазір телефонды сатып алуға қарындасын жіберетінін жеткізіп, сатып алушы әйелді сонда жолдаған. Осылайша, қаскүнем шынайы сатушы мен сатып алушыны кездестірген, алайда олардың екеуі де алаяққа алданып отырғанын сезбеген. Сатып алушы тауарды көргеннен кейін 320 мың теңге көлеміндегі ақшаны алаяқ көрсеткен шотқа аударған. Нәтижесінде, сатушы моральдық, сатып алушы материалдық зардап шекті.
Ақтөбе облысының полиция департаменті онлайн сауда платформаларында мұқият және қырағы болуға, алаяқтықтың осындай түрлерінен сақ болуға, тауарға алдын ала төлем жасамауға шақырады.

 

Жергілікті полиция қызметі
13 июля 2024
Әртүрлі, жол қозғалысы ережесін бұзушылықтар үшін 1200 мотоцикл жүргізушісі жауапкершілікке тартылды

За 6 месяцев т.г. в г.Актобе зарегистрировано 134 дорожно-транспортных происшествии с участием мототранспорта, в результате которых погиб 1 и 16 человек получили ранения различной степени тяжести, из них 3 несовершеннолетних.
​За различные нарушения были привлечены к ответственности 1200 водителей мототранспортных средств, за такие нарушения как несоблюдение правил перевозки пассажиров, проезда перекрестков, обязательного использования средств защиты и другие. На коммунальную стоянку водворены 324 мототранспорта, из которых 58 единиц находятся по сей день.
В целях стабилизации оперативной обстановки и дорожной безопасности на территории областного центра с 9 по 12 июля проводится ОПМ «БЕЗОПАСНАЯ ДОРОГА». Особое внимание будем уделять на эксплуатацию двухколесного транспорта несовершеннолетними.
В этой связи обращаюсь к водителям мототранспорта с просьбой соблюдать правила дорожного движения. Также призываю родителей прислушаться к нашим рекомендациям, не идти на поводу у детей и не покупать им мопеды, даже если они сильно просят, поскольку дорога ошибок не прощает.

Кадр саясаты
13 июля 2024
Есет – тағы да жеңіс тұғырында!

Жуырда Ресей Федерациясының Қазан қаласында өткен «БРИКС-2024» ойындарында Ақтөбе облысы полиция департаментінің қызметкері Есет Қуанов дзюдо спортынан үздік шығып, алтыннан алқа тақты.
Қытай, Бразилия, Сербия, Сирия, Израиль сынды 14 мемлекеттің алпауыт спортшыларының басын қосқан байрақты бәсекеде жерлесіміз Есет Қуанов боз кілемде 66 келі салмақ дәрежесінде белдесті. Сайыста Ресей, Белорусия Израиль және Қырғызстан елдерінің әбден баптап әкелген спортшыларымен белдескен погонды палуан қарсыластарының барлығын спорттық шеберлігімен қапы қалдырып, бұл салмақта тағы да өзінің үздік екенін дәлелдеді.
Естеріңізге сала кетейік, полиция лейтенанты Есет Қуанов – ұлттық құрама көшбасшыларының бірі. Байрақты бәсекелерде жеңісті қолдан бермейтін намысты және еңбекқор жігіттің спорттағы тәжірибесі мен жетістіктері мол.  Есет - самбо және дзюдо күресінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Самбодан әлем чемпионы, 3 дүркін Қазақстан чемпионы, әлем кубогының 5 дүркін чемпионы, Азия чемпионаты мен Азия ойындарының жүлдегері. Сондай-ақ, дзюдодан Азия кубогы мен Еуропа кубогының жеңімпазы,  Қазақстан чемпионы.
Әлемдік спорттық додаларда егемен ел мерейін асқақтатып жүрген ақтөбелік сақшы қазіргі уақытта дзюдо спортынан Әлем чемпионаты мен Азия чемпионатына қызу дайындық үстінде

 

Жергілікті полиция қызметі
13 июля 2024
Полиция көршілердің тыныштығын бұзбау туралы еске салады

Жыл басынан бері өңірде полицияға 2800-ден астам адам түнгі тыныштығының бұзылғаны туралы арызданған. Тәртіп сақшыларының айтуынша, әсіресе, жаз мезгілінде тыныштықты бұзу фактілері туралы арыз-шағымдар саны артады. Олардың басым көпшілігі көршілерінің шуына шағымданған көпқабатты үйлердің тұрғындары. Бірі – жөндеу жұмыстарының түн ортасына дейін созылғанын айтса, бірі түнгі мезгілдегі балалардың үйдегі немесе ойын алаңындағы шуына шағымданады, енді бірі пәтерде немесе терезе алдындағы көлікте музыканың даусы тым қатты екендігін алға тартады.
Мұндай шағымдар бойынша учаскелік полиция инспекторлары шығып, тыныштықты бұзу фактісі расталған жағдайда, құқық бұзушыға қатысты әкімшілік хаттама толтырып, онымен профилактикалық әңгімелесу өткізеді. Кінәлі азаматтар Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 437-бабына сәйкес 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл төлейді, бұл сома 2024 жылы 18 460 мың теңгені құрайды. Бір жыл ішінде бұзушылық тағы қайталаса, айыппұл сомасы да екі еселенеді.
«Әкімшілік заңнамаға сәйкес, жұмыс күндері сағат 22.00-ден таңғы 9.00-ге дейін, демалыс және мереке күндері сағат 23.00-ден таңғы 10.00-ге дейін азаматтардың тыныштығын бұзуға болмайды, яғни адамдардың қалыпты демалысына кедергі келтірмеу қажет. Сол сияқты тұрғын ғимараттарда және тұрғын үйлерге жақын орналасқан ойын-сауық орындарының тыныштықты бұзуы 20 АЕК-ден басталатын әкімшілік жазаға әкеледі. Сондықтан, моральдық және материалдық шығындардың алдын алу үшін тұрғындарды бір-бірінің тыныштығына құрметпен қаруға және өзара түсіністік пен сыйластыққа шақырамыз», - дейді Ақтөбе облысы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының аға инспекторы Жандарбек Алибаев.

Жергілікті полиция қызметі
06 июля 2024
Полиция “қонақ үй” тәрізді қайта жабдықталған рейстік автобусты анықтады

“Setra” автобусының жүргізушісі клиенттерді қызықтыру мақсатында автобуста орындықтарды төсек-орын төселген кереуеттерге өзгертіп, жолаушыларды аймақтар арасында алыс қашықтыққа тасымалдаған.
“Тасымалдаушы” жедел- алдын алу іс-шарасы барысында ағымдағы жылғы 5 шілдеде Т.Жүргенев ауылының маңында «Қарабұтақ-Қостанай» тас жолы бойында патрульдік полиция ротасының инспекторлары “Setra” маркалы рейстік автобусты тоқтатты. Аталған көлік Астанадан Қазалы қаласына бағыт алған. Тексеру кезінде автобус орындықтары төсек орындарға ауыстырылғаны анықталды.
Автобус жолаушылары салонда орнатылған кереуеттерге орналасқан. Жүргізушінің салонды жабдықтауға рұқсаты болмағаны анықталды. Сондай-ақ, жүргізушінің көлік басқаруға тиісті «D» санатынсыз жүргені белгілі болды.
Салонды заңсыз қайта жабдықтау және көлік құралын басқаруға құқығы болмауына байланысты автобус жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
“Тасымалдаушы” жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу кезінде Ақтөбе облысында қоғамдық көлік жүргізушілері тарапынан жол қозғалысы ережелерін бұзудың 199 фактісі анықталды. Автобус Әйтеке би ауданы полиция бөлімінің арнайы тұрағына қойылды
Оның ішінде, қарсы бағыттағы жолаққа шығудың- 1 фактісі, көлік құралын тиісті рұқсатынсыз қайта жабдықтаудың- 4 фактісі анықталды, маневр жасау ережелерін бұзғаны үшін - 7 жүргізушіге айыппұл салынды, 10 жүргізуші міндетті техникалық тексеруден өтпегені үшін, 3 жүргізуші сақтандыру полисінің жоқтығы, жылдамдық режимін асырғаны үшін 7 жүргізуші жауапкершілікке тартылды және 9 автобус айыппұл тұрағына қойылды.

 

Кадр саясаты
06 июля 2024
Ерлігі мәңгі есімізде: Ақтөбеде айбынды полицейді еске алуға арналған спорттық шара өтті

1 шілдеде Ақтөбе облысы полиция департаментінің арнайы жасағының ержүрек жауынгері полиция аға лейтенанты Руслан Жолдыбаевты еске алу құрметіне шағын футболдан турнир өтті. Турнирде өңірдегі құқық қорғау және арнайы органдардың 8 командасы кездесіп, спорттық шеберліктерін сынға салды. Қатысушылар қатарында арнайы бөліністер ардагерлерінің құрама командасы да бар.
Сайыстың бұл күнге орайластырылуы да кездейсоқ емес. Осыдан тура 13 жыл бұрын дәл осы күні аға инспектор-сапер Руслан Баққалиұлы Жолдыбаев Темір ауданында қарулы діни эстремистік сипаттағы қылмыстық топпен бетпе-бет атыс кезінде, жолдастарын қорғай отырып, ауыр дене жарақатын алса да жолдастары шегінгенше атысты тоқтатпай, ерлікпен қаза тапқан болатын.
Батыр-полицейді еске алуға арналған спорттық шараның ашылу салтанатында Полиция департаментінің бастығы Абай Жусупов «Бүгінгі спорттық шараның біз үшін орны ерекше. Қызметтік борышын атқару кезінде ерлікпен қаза болған Руслан Баққалиұлының батыл болмысы – әр полицей, әр өскелең ұрпақ үшін үлгі, батырымыздың жарқын бейнесі мәңгі жадымызда. Руслан бауырымыз қасымызда болмаса да, мәңгі жүрегімізде екенін білдірейік деп, бүгінгі спорттық іс-шараға батырымыздың отбасын да арнайы шақырдық» дей отырып, еске алу шарасының құрметті қонақтары - Руслан Баққалиұлының отбасына жеке құрамның атынан ықылас мен қолдау сөздерін жеткізді.
Турнир аса тартысты, әрі қызықты өтіп, командалардың әрқайсысы спорттық шеберлік пен дайындықтың жоғары үлгісін көрсетті.

Сайыс қорытындысы бойынша өздерін шағын футболдың шебері ретінде танытқан Полиция департаментінің құрама командасы чемпион атанса, күміс жүлдені ПД Жылдам қимылдайтын арнайы жасағының командасы қанжығасына байлады. Үздік үштікті Ақтөбе облысының мамандандырылған күзет қызметі басқармасы командасы қорытындылады. Сондай-ақ, үздік ойын үлгісін көрсеткен ЖҚАЖ командасының ойыншысы Айдын Төлепбаев «Үздік шабуылшы», қақпасын алынбас қамалға айналдырған ПД командасының ойыншысы Мақсат Мандыбай «Үздік қақпашы» атанса, ойын барысында шеберлігімен тәнті еткен МҚКБ командасының мүшесі Олжас Оразовқа турнирдің «Үздік ойыншысы» номинациясы табысталды.

Криминалдық полиция
06 июля 2024
Полиция азаматтарды туристік агенттіктерді таңдауда мұқият болуға шақырады

Жаз мезгілінің басталуына байланысты демалысын шетелде өткізгісі келетін азаматтар саны да артады. Шетелдерге саяхаттағысы келген тұрғындар көбіне туристік агенттіктердің қызметіне жүгінеді.
Алайда, мүліктік пайда табу мақсатында азаматтардың сенімін теріс пайдаланып, ақшасын заңсыз иеленетіндер де кездеседі.
Мысалы, маусым айында полиция бөліміне Ақтөбе қаласының тұрғыны туристік агенттікке алданғаны туралы арызданды. Тергеп-тексеру барысында мамыр айында Ақтөбе қаласында орналасқан туристік агенттіктердің бірінде оның басшысы әуе билеттерін алып беретінін айтып алдау жолымен жәбірленушінің 250 мың теңгеден астам қаражатын заңсыз иемденгені анықталды. Қазіргі уақытта алаяқтық дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Тергеу барысында аталған туристік агенттік басшысының басқа да бірнеше тұрғынды осындай жолмен алдағаны анықталуда.
Осыған байланысты Ақтөбе облысының полиция департаменті шетелге саяхаттамақ болған азаматтарды моральдық және қаржылық залалдардан сақтану үшін туристік агенттіктерді таңдауда аса сақ болуға, алдын ала төлемдер аудармауға, жасалған келісімшартты мұқият оқуға, олардан барлық туристік құжаттарды талап етуге және алдын ала тексеріп алуға шақырады.

 

Көші-қон қызметі
06 июля 2024
Полицейлер ел аумағында 12 жыл бойы құжатсыз жүрген шетел азаматын еліне қайтарды

Ақтөбе облысының аумағында жедел-алдын алу іс-шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлері ұлттық паспорттың жоғалуы себебінен ҚР қолданыстағы заңнамасын бұза отырып, 12 жылдан астам елде болған Өзбекстан Республикасының азаматын анықтады. Шетелдік Қазақстанға 2012 жылдың желтоқсанында еңбек қызметін жүзеге асыру мақсатымен келген, алайда өзінің елде болуын заңдастырмай, Қазақстанның әртүрлі аймақтарында тұрып, жеке басын куәландыратын құжаттарын белгісіз жағдайларда жоғалтқан.

Шетелдіктің құқықтық мәртебесін айқындау мақсатында Ақтөбе облысының полиция департаменті қызметкерлері Өзбекстан Республикасының құзыретті органдарына сұраулар нәтижесінде оның Өзбекстан азаматтығына жататыны расталды. Әрі қарай полицейлер шетелдік азаматқа куәліктің құжатын рәсімдеді. Осыдан кейін көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін өзбекстандық азамат сот қаулысының негізінде Қазақстан Республикасынан шығарылып, үйіне оралды.

Социальные сети
Меню подвал
Экран дикторы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
Терминдер мен қысқартулар
Тұрақты даму мақсаттары
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы