ҚР ІІМ логотипі
Меню
Страницы
Баспасөз орталығы
Департамент туралы
Байланыс ақпараты
Қызметі
Құжаттар
Онлайн қабылдау
Все материалы
Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес
31 марта 2025
Ақтөбеде ақша бопсалаған бірнеше күдікті қамауға алынды

17 наурызда Ақтөбе облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментімен (ҰҚКД) бірлесіп, жедел іс-шаралар жүргізу барысында облыс орталығының бірнеше тұрғынын бопсалау жасады деген күдікпен ұстады.
Тергеп-тексеру барысында бұрын-соңды сотталған тұлғалар ойлап табылған сылтаумен Ақтөбе тұрғынының автокөлігін тартып алғаны және оны қайтару үшін иесінен 2 миллион теңге сомасында ақшалай қаражат талап еткені анықталды.
Іс-шаралар кешенін өткізу барысында күдіктілер жәбірленушіден ақшалай қаражатты алу кезінде ұсталды. Ішкі істер органдарына барлығы 15 адам жеткізілді, олардың екеуі уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Тінту барысында күдіктілерден газ тапаншасы, бірнеше патрон, жиналмалы пышақ және ақшалай қаражат тәркіленді.
Қазіргі уақытта жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде.

Жергілікті полиция қызметі
31 марта 2025
Заңсыз алкоголь, қадағалаусыз жасөспірім: Полиция «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасын белсенді өткізуде

8 наурыздан бастап республика көлемінде «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде.
Іс-шараның алғашқы күнінде Ақтөбе қаласында полицейлер алкогольдік ішімдіктерді заңсыз сатудың 7 дерегін анықтап, 124 бөтелке ішімдік тәркіледі. Бұл бұзушылықтарды, негізінен алкоголь өнімдерін белгіленбеген уақытта сату, лиценциясыз сату, 21 жасқа толмаған тұлғаларға саудалау деректері құрайды.
Заңсыздыққа жол бергендердің басым көпшілігі - дүкен иелері. Оларға қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылды.
Сонымен қатар, «Құқықтық тәртіп» шарасы аясында жүргізілген түнгі рейдтер барысында ішкі істер органдарына 60 кәмелетке толмаған жеткізілді, оның ішінде әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін - 55.
Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғынжайдан тыс жерде жүргені үшін 53 ата-ана, сондай-ақ, түнгі мезгілде ойын-сауық орындарында кәмелетке толмағандардың жүруіне жол берген 2 кәсіпкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Заң мен тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталған жедел-профилактикалық жұмыстар белсенді жалғасуда.

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл
31 марта 2025
Заң және тәртіп: Ақтөбеде көрші өңірлерден есірткі жеткізу арнасы жойылд

Ақтөбе облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері арнайы бөлініс жауынгерлерімен бірлесіп Ақтөбе қаласында есірткі жеткізу арналарының жолын кесу бойынша жедел іс-шаралар кешенін өткізу барысында 39 және 51 жастағы облыс орталығының тұрғындарын үстады.
Оқиға орнын тексеру кезінде, көппәтерлі үйдің кіреберіс есігінің алдында “марихуана” есірткісіне ұқсас бар пакет табылып, тәркіленді.
​Бұдан әрі қызметтік итті қолдана отырып, үсталғандардың біреуіне тиесілі автокөлікті тінту барысында жүксалғыштан өсімдік тектес заттар салынған 1 пакет, сондай-ақ 6 патроны бар тіркеу нөмірлері жоқ тапанша табылды және тәркіленді.
​Күдіктілердің бірінің тұрғылықты жері бойынша пәтердің балконынан жасыл түсті заттар салынған 1 орама тәркіленді.
​Сараптама қорытындысы бойынша алынған заттар жалпы салмағы 14,5 килограмнан асатын “марихуана” есірткі заты болып табылады.
​Есірткі заттарымен заңсыз жұмыс жасау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Жергілікті полиция қызметі
01 марта 2025
Балалар қылмысының алдын алу - бұл күннің өзекті тақырыбы

2025 жылғы 25 ақпанда жасөспірімдер қылмысының алдын алу аясында облыстық Полиция департаментінің бастығы Абай Жусуповтың, облыс әкімінің орынбасары Жолдас Батырханның, облыс прокурорының орынбасары Абзал Гилимнің қатысуымен Ақтөбе қаласында маңызды кеңес өтті. Іс-шараға облыстағы барлық мектеп, колледж директорлары, прокуратура және басқа да мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.
Абай Жусупов өз сөзінде жастар арасындағы қылмыспен тиімді күресу үшін өзара ынтымақтастықтың маңыздылығын атап көрсетіп, «Заң мен тәртіп» идеологиясы барлық профилактикалық іс-шаралардың негізі болуға тиіс екенін және тек бірлескен күш-жігермен ғана заң мен әлеуметтік құндылықтарды құрметтеуге негізделген жастар үшін қауіпсіз және салауатты орта құруға болатынын жеткізді.
​“Біз құқық қорғау органдары ретінде заң мен тәртіпті сақтаудамыз және біздің басты міндетіміз — қылмыстардың алдын алу, жасөспірімдердің суицид, буллинг, құқық бұзушылық жасамауына жағдай жасау. Жыл басынан бері кәмелетке толмағандар 18 қылмыс жасады, бұл өткен жылмен салыстырғанда көп”, — деп атап өтті ПД бастығы.
Кездесу барысында қатысушылар бірқатар ұсыныстарды, соның ішінде балалармен кездесулер өткізуді, құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған жаңа бағдарламаларды әзірлеуді, сондай-ақ қауіп-қатерлерге мониторинг жүргізу және жедел ден қою үшін заманауи технологияларды енгізуді талқылады.

Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл
01 марта 2025
Банк қырағылығы, полицияның жедел әрекеті: Ақтөбеде алаяқтардың арбауында болған әйел құтқарылды

19 ақпанда Хромтау ауданының тұрғынына алаяқтар хабарласқан. Қаскүнемдер әйелге оның атына алаяқтар несие рәсімдеп жатқанын жеткізген. Оны «болдырмау үшін» бірнеше банктен ірі сомада несиелер рәсімдеуді талап еткен.
Қорыққан әйел бірден аудандағы банкке барып, 3 миллионнан асатын сомаға несие рәсімдеп, алаяқтар көрсеткен есепшотқа аудару үшін екінші банкке барған. Алайда, ірі көлемде ақша аудармақ болған әйелдің іс-әрекеті мен психологиялық жай-күйі банк қызметкерлерінде күдік тудырған. Бұл алаяқтар болуы мүмкін екенін түсіндіріп, ақша аударымын жасаудан бас тартқан.
Әрі қарай қырағы банк қызметкері құқық қорғау органдарына хабарлаған. Олар әйелмен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, жақындарына да қырағы болуды ескерткен.
Алайда, әйел ертеңіне жақындарына жасырын Ақтөбе қаласына келген. Жедел-іздестіру шараларына дереу кіріскен полиция қызметкерлері оны алаяқтардың пайдасына банктен тағы несие алмақ болып тұрған жерінен тауып, түсіндіру жүргізу үшін полиция бөліміне әкелді. Алаяқтардың арбауында болғандықтан, полицияға сенуден бас тартып, барынша қарсылық танытқан жәбірленушіге психологиялық көмек көрсетілді.

Жергілікті полиция қызметі
01 марта 2025
Полиция бір аптада 1300 бөтелкеден астам алкоголь тәркіледі

Ақтөбеде учаскелік полиция инспекторлары мас күйінде жасалатын қылмыстардың алдын алу мақсатында 17-23 ақпан аралығында жүргізген рейдтік шаралар барысында алкоголь өнімдерін заңсыз сатқан 34 кәсіпкерді әкімшілік жауапкершілікке тартты. Олардың үшеуі ойын-сауық мекемелерінің, төртеуі алкомаркеттің, 27-сі дүкеннің иелері.
Алкоголь өнімін өткізу жөніндегі Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзудың 31 фактісі (ҚР ӘҚБтК 200-бабы) анықталды. Мысалы, қаладағы түнгі клубтардың бірінде 21 жасқа толмаған тұлғаға сыра сатқаны үшін иесіне айыппұл салынды.
Сондай-ақ, полицейлер алкогольді тиісті рұқсатсыз немесе лицензиясыз сатудың 12 фактісінің (ҚР ӘҚБтК 463-бабы) жолы кесті.
Аталған әкімшілік материалдар бойынша 1300-ден астам бөтелке алкоголь өнімдері (арақ, сыра, шарап және т.б.) тәркіленді. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

Жергілікті полиция қызметі
01 марта 2025
Құқықбұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысы өтті

Ақтөбе өңіріндегі жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық мәселелері облыс әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен өткен ведомствоаралық комиссияның отырысында қаралды.
Отырысқа құқыққорғау органдары, прокуратура органдарының өкілдері, қала және аудан әкімдері, бірқатар басқарма басшылары қатысты.
 Күн тәртібінде кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияның атқарған жұмысы және жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, Қазақстан Республикасы Үкіметі 2023 жылы бекіткен Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің 2024-2028 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жоспарының орындалуы, Ақтөбе қаласы, Ойыл, Мәртөк және Қарғалы аудандары әкімдерінің құқықбұзушылықтың алдыналудағы қабылдап жатқан шаралары және тағы да басқа мәселелер қаралды.
Ақтөбе облысы ПД бастығының бірінші орынбасары-полиция полковнигі Ардана Саймағамбетов өңірдегі ЖКО статистикасын келтіріп, былтырғы жылы болған апаттар санының артқанын мәлімдеді. Оның сөзінше, қазіргі уақытта облыста ЖҚЕ бұзушылықтарын анықтайтын 130 автоматтандырылған кешен пайдаланылуда, ал қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін автожолдардың апатты-қауіпті учаскелерінде күшейтілген полиция нарядтары қойылды, 15 – «Автоураган» мобильдік кешені және пилотсыз дрондар пайдаланылуда, олардың көмегімен 50 мыңнан астам әкімшілік құқықбұзушылық анықталды.

Штабтық қызмет
01 марта 2025
Ақтөбе облысы Полиция департаментінің бастығы Абай Жусупов Өзбекстан Республикасының Бас консулымен кездесті.

Ақтөбе облысы Полиция департаментінің бастығы Абай Жусупов Өзбекстан Республикасының Бас консулы Жамолиддинхужа Абдукаримовпен кездесу өткізді.
Кездесу барысында тараптар қызметтің түрлі салаларында екіжақты қарым-қатынастардың одан әрі дамуына сенім білдірді. Екі мемлекеттің аумағында ішкі қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қылмысқа қарсы күрес бойынша кеңейтілген ынтымақтастық перспективалары талқыланды.
Абай Жусупов ұрлыққа, заңсыз көші-қонға, есірткі бизнесіне, ұйымдасқан қылмысқа, экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл бойынша бірлескен жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті.
Тараптар мұндай кездесулер жедел ақпарат алмасу тетігін әзірлеу және қылмысқа қарсы күрестің өзекті мәселелерін шешуде пайдалы екендігіне сенім білдірді.

Жергілікті полиция қызметі
01 марта 2025
Ақтөбеде жол ережесін 113 рет бұзған транзиттік нөмірлердегі көліктің иесі ұсталды

Патрульдік полиция қызметкерлері Ақтөбе қаласында өткізіліп жатқан “Қауіпсіз жол” жедел-профилактикалық іс-шарасы шеңберінде “Автоураган-МС” көпфункционалды мобильді аппараттық-бағдарламалық кешенінің көмегімен жыл басынан бері жол қозғалысы ережелерін 113 рет бұзған транзиттік нөмірдегі “Субару” автокөлігін анықтады. Бұзушылықтың негізгі түрлері - жылдамдық режимінен асыру. ​
Жүргізушіге қатысты жалпы сомасы 3 243 900 теңгеге ұйғарым шығарылды, Автокөлік коммуналдық тұраққа қойылды.
Естеріңізге сала кетейік, облыс жолдарында жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, апаттылықты азайту және азаматтардың көлік жүргізу мәдениетін арттыру мақсатында 15 “Автоураган-МС” көпфункционалды мобильді аппараттық-бағдарламалық кешені пайдаланылады.
Сондай-ақ, кешен бұрын жүргізуші куәлігінен айырылғандарды, іздеуде жүрген автокөліктерді, мемлекеттік борышкерлерді, алимент төлемеуші жүргізушілерді және т. б. тіркейді.
2024 жылы “Автоураган” жүйесінің көмегімен ҚР ЖҚЕ 50 мыңнан астам бұзушылықтың жолын кесілді.
Сонымен қатар, “Автоураган” жүйесі шетелдік есепте ЖҚЕ бұзған көлік құралдарын анықтайды.

Жергілікті полиция қызметі
01 марта 2025
Заң және тәртіп»: Ақтөбеде жастармен ауқымды кездесу өтті

12 ақпанда «Заң және тәртіп» қағидаты аясында Ақтөбе қаласында жастармен ауқымды кездесу өтті. Ашық диалог сипатында өткен шара «Студенттер сарайында» 700-ден астам жастың басын қосты. Сонымен қатар, онлайн форматта облыстағы колледждердің 19 мыңнан астам, мектептердің 32 мыңнан астам жоғары сынып оқушылары қатысты.
Кездесуде Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Жолдас Батырхан, Ақтөбе облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Ардана Саймағамбетов, Ақтөбе облысы прокурорының орынбасары Абзал Гилим жастарға Мемлекет басшысы атап көрсеткен, заң мен тәртіп, білім мен парасат үстемдік ететін қоғам құруда құқықтық санасы биік, азаматтық ұстанымы берік ұрпақтың маңызы, білім мен тәрбие туралы сөз қозғады.
Спикерлер назарынан жағымсыз әдеттердің азапты салдары, қылмыс пен жаза мәселелері де тыс қалған жоқ. Күнделікті тәжірибеден мысалдар мен жастар арасындағы құқық бұзушылықтар статистикасына сүйене отырып, құқық қорғау органдарының өкілдері жастарға ой салар, әсерлі әңгімелесу өткізді.
Сондай-ақ, шара барысында қатысушыларға арзан жолмен ақша тапқысы келген жастардың аянышты тағдырын бейнеген «Закладка» фильмі көрсетілді.
Қатысушы жастар «Ашық микрофон» аясында спикерлерге өздерін толғандырған өзекті сұрақтарын қойып, пікір бөлісті.

Социальные сети
Меню подвал
Экран дикторы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
Терминдер мен қысқартулар
Тұрақты даму мақсаттары
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы