Өткен аптада Ақтөбе облысының аумағында 153 қылмыс тіркелді.
Оның ішінде 52-сі жеке мүлікті ұрлау, 42-сі алаяқтық, 4-еуі бұзақылық пен тонау фактілері. Бұрын жасалған 12 қылмыс ашылды.
3800-ден астам әкімшілік құқық бұзушылықтар, оның ішінде 2500-ден астам ҚР ЖҚЕ бұзушылықтар анықталды. Көлік құралдарын мас күйінде басқарудың 17 фактісі анықталды.
Облыс жолдарында 6 жол-көлік оқиғасы орын алып, 9 адам түрлі дене жарақатын алып, 2 адам қаза тапты.
Ағымдағы жылдың 7 сәуірінде "Жаңажол-Сарыкөл" автожолында (Сарыкөл ауылынан 4-км қашықтықта) жол-көлік оқиғасы орын алды.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі автокөліктің жүргізушісі алған жарақаттарынан қайтыс болды және 4 жолаушы, олардың арасында екі кәмелетке толмаған бала Кеңқияқ ауылындағы ауруханаға жатқызылды.
Қалалық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Жәбірленушінің айтуынша, ол сауықтыру массажын ұсынады, клиент оған көрсеткен массаж қызметі үшін жалған чек ұсынған. Жәбірленушіге келтірілген залал 15 мың теңгені құрады. Хабарлама түскен бойда тәртіп сақшылары қылмысты ашу бойынша барлық қажетті шараларды қабылдаған. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полицейлер күдіктіні анықтады.
Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы "Алаяқтық" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
‼️ Ақтөбе облысының Полиция департаменті алаяқтардан сақ болу керектігін еске салады. Төлем төленгеннен кейін чектерді мұқият тексеріп алыңыз.
“Балалардың жолдағы қауіпсіздігі” атты республикалық жедел-алдын алу шарасы аясында балалар жарақатының алдын алу мақсатында Әкімшілік полиция қызметкерлері мектеп автобустарының қолданыстағы техникалық регламент талаптары мен заңнама нормаларына сәйкестігіне және жүргізушілердің балаларды тасымалдау ерекшеліктерін білуіне тексеру жүргізді.
Тексеру нәтижесінде дәрі қобдишаларының, өрт сөндіргіштің болмауы және т.б. сияқты тасымалдау қауіпсіздігін қамтамасыз ету талаптарына бірқатар кемшіліктер анықталды. Анықталған кемшіліктерді жоюға жауапты тұлғаларға ұйғарымдар берілді.
Көктемнің шуақты күнінде кительдерін спорттық костюмдерге ауыстырып, олар облыстық департаменттің, аумақтық полиция бөлімдерінің әкімшілік ғимараттарының іргелес аумақтарын тазалауға шығу үшін тырмамен және сыпырғыштармен, күректермен және зембілдермен "қаруланды". Бекітілген аумақтар жапырақтардан тазартылып, тиісті түрге келтірілді.
Бұл акция қаланың санитарлық жағдайын жақсарту мақсатында өткізілді.
50 жастағы әйелдің айтуынша, оқиға 20 наурызда болған. Оған ер адам қоңырау шалып, өзін банк менеджері ретінде таныстырған.
Әрі қарай, бұл менеджер есепшотқа қауіп төніп тұрғанын хабарлаған. Бұдан әрі банктің жалған қызметкері несиені мерзімінен бұрын өз бетінше өтеудің қажеті жоқ екенін, оның өзі база арқылы бұл соманы алып тастайтынын айтқан. Манипуляциялардан кейін жәбірленуші 700 мың теңгеден астам жинақтан айырылғанын білген. Осыдан кейін алаяқ телефон тұтқасын бірден тастап, қоңырауларға жауап беруді тоқтатқан.
Полиция департаменті банк менеджерлері ешқашан клиенттердің жеке деректерін, карта нөмірін және CVC кодын сұрамайтынын еске салады. Кез келген күдікті қоңыраулар кезінде жақын маңдағы кез келген банк бөлімшесіне хабарласуды ұсынамыз.
ҚР ІІМ-нің тапсырмасына сәйкес, республика көлемінде «Балалардың жолдағы қауіпсіздігі» іс шарасы қолға алынған. Осыған орай, балалардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында ПД Әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері Тұңғыш Президент атындағы саябақта балаларға жол қозғалыс ережелерін айтып, түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
ЖКО басты себептерінің бірі – "жол қозғалысы ережелерін" білмеу себебінен жолдағы қарапайым қауіпсіздік шараларын сақтамау болып табылады. Жол қозғалысының жас қатысушылары негізінен көлік құралдары жүретін жерлерде ойнайды.
Құрметті ата-аналар, балаңызға кішкентай кезінен жол қозғалыс ережесін үйретіңіз. Есіңізде болсын! Бала сізді үлгі тұтады, сондықтан да сіз де ережелерді есіңізде сақтап жүріңіз.
Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, атыс қаруы мен жарылғыш заттарды қолдана отырып жасалатын қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында 2023 жылғы 10 сәуірден бастап республика аумағында халықтан заңсыз сақталудағы атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды (бұдан әрі – қару-жарақ құралдары) сатып алу бойынша акция өткізіледі.
Естеріңізге сала кетейік, заңсыз сақталған қару-жарақ пен оқ-дәрілерді өз еркімен тапсырған азаматтар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылады.
Қару-жарақ пен оқ-дәрілерді ақылы тапсыру мәселелері бойынша жақын маңдағы полиция бөліміне хабарласу қажет.
Қару-жарақ заттарын ерікті түрде тапсырғаны үшін мемлекеттің төлемі қарудың әрбір бірлігі үшін оннан жүзге дейінгі айлық есептік көрсеткіш сомасында ақшалай қаражатты көздейді.
1) автоматты мылтық атыс қаруының әрбір бірлігі үшін 100 АЕК дейін;
2) ұзын ұңғылы атыс қаруының әрбір бірлігі үшін 50 АЕК дейін;
3) қысқа ұңғылы атыс қаруының әрбір бірлігі үшін 40 АЕК дейін;
4) тегіс ұңғылы атыс қаруының әрбір бірлігі үшін 30 АЕК дейін;
5) травматикалық қарудың әрбір бірлігі үшін 10 АЕК дейін;
6) әрбір граната, мина, жарылғыш құрылғы үшін 7 АЕК дейін;
7) әрбір 1000 грамм жарылғыш заттар үшін 6 АЕК дейін;
8) 5.6 мм-ден астам калибрлі мылтық патроны үшін 1/35 АЕК дейін
9) 5.6 калибрлі мылтық патроны үшін 1/115 АЕК дейін.
Қоңырау шалушы жәбірленушіні алаяқтар оның жеке деректерін пайдаланғанына сендірген және алаяқтық әрекеттерді болдырмау үшін интернет арқылы "Any Desk" қосымшасын жүктеуді сұраған. Жәбірленуші күдіктінің айтқан барлық әрекеттерін жасаған. Кейін алаяқтар жәбірленушінің шотынан 3 млн теңгеден астам ақша алғаны белгілі болды.
Осы факті бойынша ҚР ҚК 190-бабы 2-бөлігі "Алаяқтық" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдікті адамдарды анықтауға және ұстауға бағытталған жедел іс-шаралар жүргізілуде.
Ақтөбе облысы Полиция департаменті ешбір жағдайда "AnyDesk" бағдарламасын жүктемеуді сұрайды, себебі сіз алаяқтарға ұялы телефоныңызға қол жеткізуге мүмкіндік бересіз!
Банктік қызметтерге қатысты мәселелер бойынша нөмірлері еркін қолжетімді, оның ішінде ресми интернет-сайттарда жарияланған банктердің call-орталықтарына тікелей хабарласыңыз. Интернеттегі алаяқтардың құрбаны болу қаупі туралы туыстарыңыз бен жақындарыңызға ескертіңіз. Егер сіз күдікті қоңырау алсаңыз, полицияға хабарласыңыз.
Жедел-профилактикалық іс-шарасы шеңберінде қылмыстардың «ізін суытпай», бұрын жасалған қылмыстарды ашуды және қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды анықтауға және алдын алуға бағытталған басқа да шаралар қабылдауды қамтамасыз етіледі, сондай-ақ қоғамда ұсақ құқық бұзушылықтарға «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қамтамасыз ету бойынша қосымша шаралар қабылданады.
Сонымен қатар, саяжай алқаптарын, демалыс аймақтарын, құрылыс объектілерін, базарларды, техникалық қызмет көрсету станцияларын, шаруа және фермер қожалықтарын, шалғайдағы учаскелерді, қыстауларды және басқа да шалғай жерлерді, оның ішінде азаматтарды еңбекке пайдалану, қару-жарақ заттарын заңсыз сақтау фактілерін анықтау тұрғысынан тексеріс жүргізіледі.
"Instagram" әлеуметтік желісінде 22 жастағы жергілікті тұрғын пайдалы табыс туралы хабарландыруды көрген. Менеджермен барлық шарттарды талқылай отырып, "Crystal Wins" онлайн казино шотына 130 мың теңгеден астам сомада бастапқы жарна енгізген, бірақ бұл салым бірінші оның және соңғы салымы болып шыққан.
Бірнеше күннен кейін жәбірленуші менеджермен байланысуға тырысқан, бірақ нәтиже болмаған. Содан кейін ол полицияға арызданды.
Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 2-бөлігі "Алаяқтық" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде және күдікті адамды анықтауға және ұстауға бағытталған жедел іс-шаралар жүргізілуде.
Ақтөбе облысы Полиция департаменті азаматтарға сақ болу керектігін ескертеді. Тез ақша табуға уәде беретін түсініксіз және күмәнді компаниялармен ынтымақтастықтан аулақ болыңыз. Ешкімге жеке және банктік деректерді бермеңіз.