ҚР ІІМ логотипі
Меню
Страницы
Баспасөз орталығы
Департамент туралы
Байланыс ақпараты
Қызметі
Құжаттар
Онлайн қабылдау
Все материалы
Жергілікті полиция қызметі
26 октября 2023
Шалқар ауданында далалықтан екі браконьер ұсталды

Шалқар ауданы ПБ қызметкерлері "Браконьер" жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында "Охотзоопром" аңшылық инспекторларымен бірлесіп, екі браконьерді ұстады.

Рейдтік іс-шаралар барысында далада мотоцикл мінген екі ер адам байқалып, олар полицейлерді көріп, жасырынуға тырысқан. Аталған адамдар қудалау жолымен ұсталды. Олар Қызылорда облысы Арал ауданының 23 және 27 жастағы екі тұрғыны болып шықты.

Ұсталғандардан полиция екі ИЖ мотоциклін және екі ақбөкеннің ұшасын тәркіледі.

Осы факті бойынша ҚР ҚК 339-бабының 2-бөлігі "Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Күдіктілерге үш мыңнан жеті мыңға дейінгі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынуы не мүлкі тәркіленіп, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Жергілікті полиция қызметі
26 октября 2023
Заңсыз қоян атқан қару иесі ұсталды

Ембі қалалық полиция бөлімшесінің қызметкерлері «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында 21 қазанда түнгі мезгілде «Ембі-Алтынды» трассасында Қостанай облысы тұрғынының басқаруындағы «UAZ-3909» автокөлігін тоқтатты. Автокөлікте 3 жолаушы болды. Көлік салонын қарау барысында атып алынған 4 қоян, 12-інші және 20-калибрлі екі тегіс ұңғылы аңшылық мылтық, 38 патрон, 2 резеңке қайық пен 10 метрлік тор табылып, тәркіленді.
Тәркіленген қарулардың автокөлікте болған Ембі қаласының 43 жастағы тұрғынына тиесілі екендігі анықталды. Оның қос қаруды сақтау мен алып жүруге рұқсаты болғанымен, аңшылыққа тиісті рұқсаты болмағаны белгілі болды.
Заңсыз аңшылық дерегі бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 337-бабының 3-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды. Күдікті кінәсін мойындады. Автокөлік полиция бөлімшесінің аумағына тұраққа қойылды. Тергеу жүргізілуде.

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл
19 октября 2023
Ақтөбеде жас жігіттен мефедрон салынған 100 түйіншек табылды

2023 жылғы 14 қазанда Ақтөбе облысы полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері мақсатты жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында Ақтөбе қаласы 312-атқыштар дивизиясы даңғылында 26 жастағы екі азаматты тоқтатты.
Санкцияланбаған жеке тінту барысында олардың бірінің қолсөмкесінің ішінен жасыл түсті ұнтақ зат салынған 100 дана көлеміндегі түйіншек табылып, тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес тәркіленген заттар аса ірі көлемдегі "мефедрон" синтетикалық психотроптық заты екені анықталды.
Осы факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабының 4-бөлігімен (аса ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) қылмыстық іс қозғалды. Жиналған дәлелдемелердің негізінде күдіктінің бірі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 128-бабының тәртібінде уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Бұл баптың санкциясы үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.

Криминалдық полиция
19 октября 2023
Тағы бір зейнеткер алаяқтардың қулықтарына тап болды

68 жастағы зейнеткерге белгісіз адам қоңырау шалып, өзін банктердің бірінің қауіпсіздік қызметкері ретінде таныстырған. Қоңырау шалушы оған белгісіз адамдар оның атына несие рәсімдеуге тырысып жатқанын және мұны тоқтату үшін ұялы телефонға "HopToDesk" қосымшасын жүктеп алып, ұялы телефонға түскен кодты айтуды сұраған. Жәбірленуші қоңырау шалушының барлық шарттарын орындаған. Біраз уақыттан кейін зейнеткер өзінің атына жалпы сомасы 1 миллион теңгеге ақшалай несие ресімделгенін білген.
Полиция департаменті азаматтарды интернеттегі алаяқтықтың алдын алу бойынша қарт туыстарымен түсіндірмелік сипаттағы әңгімелесулер жүргізуге шақырады. Есіңізде болсын, банк қызметкерлері ешқашан сіздің картаңыз туралы деректерді сұрамайды, сонымен қатар ұялы телефонға кіру кодтарын жіберуді талап етпейді.

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл
19 октября 2023
Ақтөбеде саяжайды жалға алу арқылы есірткі заттарын өсірген атыраулық тұрғын ұсталды

«Қарасора-2023» жедел-профилактикалық іс-шарасын жүргізу барысында 8 қазанда Ақтөбе қаласының полиция қызметкерлері 48 жастағы азаматтың есірткі заттарын заңсыз сақтайтынын анықтады.
Бау-бақша ұжымдарының бірінде тұратын күдіктінің тұрғылықты жерін тінту барысында ауласынан екі түп жасыл түсті ерекше иісі бар өсімдік және үйінің ішінен жасыл түсті ерекше иісі бар заттар салынған екі пакет анықталды.
Сараптама қорытындысы бойынша алынған зат жалпы салмағы 2 кг 600 г кептірілген марихуана болып табылады.
Тексеру барысында Атырау аумағында тұратын күдіктінің Ақтөбе қаласына мамыр айында келіп, қала сыртындағы бау-бақша ұжымдарының бірінен саяжайды жалға алғаны белгілі болды. Күдікті полицейлерге тұрғылықты жерінен табылған жалпы салмағы 2 жарым келіден асатын өсімдіктерді жеке қолдану мақсатында өсіргенін түсіндірді.
Бұл дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 300-бабының 1-бөлігі (құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру) және 296-бабының 4-бөлігі (есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Криминалдық полиция
14 октября 2023
Жыл басынан бері Ақтөбе облысының аумағында мал ұрлығының 38 фактісі тіркелді

Жыл басынан бері Ақтөбе облысының аумағында мал ұрлығының 38 фактісі тіркелді, оның ішінде 27 ұрлық еркін жайылымнан және 11 ұрлық қорадан жасалды. 17 мал ұрлығын тергеу аяқталып, сотқа жіберілді.
Мал ұрлығы фактілерінің алдын алу мақсатында полиция қызметкерлері жүйелі түрде рейдтер жүргізеді. Мал ұрлығына көбінесе, материалдық жауапты адамдардың өз міндеттеріне немқұрайдылығы және азаматтардың өз малдарының сақталуына бейжай қарауы себеп болады. Көбінесе, ұрылар малды бірден сойып, ет қылып сатады және олардың кінәсін дәлелдеу оңай емес.
Ақтөбе облысы ПД бастығының орынбасары Мұрат Сейталиннің айтуынша, мал ұрлығымен күресудің ең тиімді әдісі, тәжірибе көрсеткендей, алдын алу болып табылады. Сондықтан қылмыстың бұл түрін ашумен қатар алдын алуға да ерекше назар аударылады. Талдау көрсеткендей, ұрланған малдың негізгі бөлігі азаматтардың жеке малы болып табылады, ол көбінесе жайылымдарда тиісті бақылаусыз қалады.
Полиция қызметкерлері тұрғындар арасында жайылымдарда жеке малды өз күштерімен күзету қажеттілігі туралы, малдарды таңбалау, мал ұсталатын үй-жайлардың құрылыстары мен бекіткіш құрылғыларын нығайту, түнгі уақытта жарықтандыру және т.б. туралы түсіндіру жұмыстарын тұрақты негізде жүргізеді.
"Елді мекендерде малды табынға қосудың маңызы зор. Малды ұйымдасқан табындарға беру арқылы ауыл тұрғындары, ең алдымен, өздерін мал ұрлығынан қорғайды. Егер азаматтар қарапайым ережелерді сақтаса, малдың иесіз жайылуына жол бермесе, ұрлықтың бұл түрінің алдын алуға болады. Ал, далалықта иесіз жайылып жүрген малдар қылмыскер үшін оңай олжа болып табылады", - деді М.Сейталин.

Жергілікті полиция қызметі
14 октября 2023
Ақтөбеде полиция басшылығы белсенді және батыл қала тұрғындарын марапаттады

13 қазанда Ақтөбе облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Ардана Саймағамбетов қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен адам өмірін құтқаруға үлес қосқан азаматтар Үмбетова Индира мен Бақтығалиев Асыланды марапаттады.
5 қыркүйекте Ақтөбе қаласында Индира Абатқызы жуырда сатып алған жер үйінің ауласында құрылыс жұмыстарын жүргізу барысында жер астынан көлемі 20 сантиметрлік снарядқа ұқсас зат тауып, бірден учаскелік полиция инспекторын шақырған. Тексеру барысында табылған заттың зениттік құрылғы снаряды екені анықталып, қажетті сараптамалар тағайындалды.
26 жастағы Асылан Серікұлы 25 қыркүйекте Ақтөбе қаласында үйінің терезесінен секірмек болған 40 жастағы көршісін құтқарып алған. Түнгі сағат 23.00 шамасында 4-қабатта тұратын Аслан көмек сұраған дауысты естіп, асүйінің терезесінен шығып қарағанда, 5-қабаттың терезесінен әл-дәрмені кетіп төмен қарай салбырап тұрған әйел адамды көрген. Әр секундтың маңызын түсінген ол дереу және батыл қимылдап, асүйінің терезесіне шығу арқылы жоғарыдағы әйелді көтеріп пәтеріне кіргізіп алған және есінен танған әйелге дереу алғашқы көмек көрсетіп, аман алып қалған.
Қоғамдық қауіпсіздікке және бөтеннің қайғысына бейжай қарамаған қала тұрғындарын марапаттау кезінде полиция подполковнигі Ардана Саймағамбетов: «Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету кезінде азаматтық қоғамның атқаратын рөлі аса маңызды. Облыс бойынша биыл белсенді азаматтық позициясын танытып, қоғамдық қауіпсіздікке бейжай қарамаған 68 азаматтың көмегімен 8 қылмыс, 264 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Мұндай азаматтардың бар екені бізді аса қуантады. Сіздерге зор алғысымыз мен ризашылығымызды білдіреміз» -дей отырып, тұрғындарды қоғамдық қауіпсіздікті полициямен ынтымақтастықта қамтамасыз етуге шақырды.

Әкімшілік полиция
Жергілікті полиция қызметі
14 октября 2023
2023 жылдың 9 айында полицейлер көлік құралдарын мас күйінде басқарған 900 жүргізушіні анықтады

Жыл басынан бері Ақтөбе өңірінің тұрғындары 164 649 түрлі әкімшілік құқық бұзушылыққа жол берді. Статистикаға сәйкес, 7320-ға жуық құқық бұзушы - алкогольдік сусындарды ұнататындар (ҚР ӘҚБтК 440-бабы), 1218 адам -  ұсақ бұзақылық жасағандар (ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы), ал 3310 құқық бұзушы сағат 23.00-ден кейін тыныштықты бұзғандар (ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы).

Сонымен қатар, полицейлер 75 мыңнан астам жол қауіпсіздігіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады, оның ішінде 645 қарсы жолаққа шығу, 5392 жылдамдықты арттыру фактілері бар. Сонымен қатар, 900 жүргізуші мас күйінде көлік жүргізген және 8300-ден астам жаяу жүргінші жол қозғалысы ережелерін бұзған.

Құрметті облыс тұрғындары, Сіздерді қоғамдық тәртіпті сақтауға, жол қозғалысы ережелерін бұзбауға шақырамыз! Есіңізде болсын, құқық қорғау органдарының міндеті – жазалау емес, құқық бұзушылықтың алдын алу және құқықтық тәртіпті сақтау қажеттігін әр азаматтың санасына жеткізу.

Жергілікті полиция қызметі
14 октября 2023
Хромтау қаласының тұрғыны 3 қап балықты заңсыз аулаған

Патрульдік полиция ротасының қызметкерлері Қарабұтақ-Қостанай автожолында "Нива" автокөлігін тоқтатты. Автокөлікті тексеру кезінде полиция қызметкерлері балық аулайтын торлар, үрлемелі қайық және үш қап балықты тапты.
48 жастағы көлік жүргізушісі су қоймаларының бірінде тор құрып, балық аулағанын түсіндірді.
Заңсыз балық аулау фактісі бойынша ҚР ҚК 335-бабы 1-бөлігі "Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсімдіктерін заңсыз өндіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Естеріңізге сала кетейік, елде синтетикалық, нейлон жіптерінен жасалған торларды қолдана отырып балық аулауға тыйым салынады. Уылдырылық шашу кезеңінде шоғырланған жерлерде және көші-қон жолдарында балық аулауға тыйым салынады.

Криминалдық полиция
09 октября 2023
Ақтөбеде оқушы телефон тауып алып, басқаның ақшасын жұмсаған

Полицияға 59 жастағы әйел арызданды. Жәбірленушінің айтуынша, ол ұялы телефонын жоғалтқаннан кейін, оның банктік қосымшасынан ақша алынған.  

Полиция қызметкерлері жедел іс-шаралар кешенін өткізу барысында 2008 жылы туған кәмелетке толмаған баланы анықтап, полиция бөліміне жеткізді. Алдын ала тергеу барысында белгілі болғандай, тоғызыншы сынып оқушысы көшеден телефон тауып алып, телефонға орнатылған банктік қосымшаның паролін қалпына келтіру арқылы бір кеште шоттан 100 мың теңгеден астам ақша жұмсаған.

Ақша ұрлау дерегі бойынша  ҚР ҚК 188-бабының 2-бөлігімен (ұрлық) сотқа дейінгі тергеу басталды.

Социальные сети
Меню подвал
Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты