Ақтөбеліктер алаяқтықтың жаңа схемасына тап болды: оларға белгілі компаниялардан — Ozon, Wildberries, AliExpress-тен жұмысқа орналасу ұсынылған SMS келеді. Онлайн жұмыс үшін бірнеше сағат ішінде 100 мың теңгеге дейін табысқа уәде береді. Осыған алданған азаматтардың ішінде 5 миллион теңгеге дейін ақшасынан айырылған жәбірленушілер бар.
"Сәлеметсіз бе, мен «Озон» менеджерімін және қазіргі уақытта біз толық емес жұмыс күнімен онлайн қызметкерлерді іздейміз",-әдетте SMS осылай басталады.
Мысалы, 41 жастағы ақтөбелік әйелге белгілі маркетплейсті дамытуға қатысу ұсынылған. Сілтеме бойынша ол Telegram-ға өтіп, оған 10 тапсырма беріліп, оларды орындағаны үшін бонустар есептелген. Бұл тапсырмалар "жалған" сайттан сатып алулар болып табылады. Нәтижесінде жәбірленуші 5 млн теңгесінен айырылған. Бұл ретте, жәбірленушінің өзі қаржы саласының қызметкері екені назар аудартады.
Бұл схемалар қауіпті, өйткені белгілі брендтің атын жамылып, жасырылған сайтқа кірген адам ақшасынан ғана емес, сонымен бірге өзі енгізген жеке деректерінен де айырылуы мүмкін. Мысалы, банк картасының деректері.
"Оқу" немесе "жұмысқа орналасу" үшін ақша аударудың қажеті жоқ екенін есте ұстаған жөн. Мұндай белгісіз және күдікті байланыстардан аулақ болған маңызды.
19 жастағы ақтөбелік "Instaqram" қосымшасы арқылы бейтаныс адаммен хат алмасқан, ол "Kaspi Red" көмегімен ақшаны өте тиімді пайызбен қолма-қол ақшаға айналдыруды ұсынған. Мәміленің барлық мәліметтерін талқылағаннан кейінжәбірленушіге 250 мың теңге сомасына төлем шоты жіберілген. Төлем жасғаннан кейін ақтөбелік қыз ақшасыз қалған және оған қоса қарызды бөліп төлеуге мәжбүр болған.
Ақтөбе облысы Полиция департаменті кез келген қаражатты бөліп төлеу немесе несие арқылы қолма-қол ақшаға айналдыру заңсыз іс-әрекеттер болып табылатынын еске салады. Егер Сіз немесе Сіздің жақындарыңыз алаяқтардың құрбаны болса, полицияға арыз жазыңыз және дереу банкке хабарласыңыз. Әрине, бұл схема туралы аға буынға айтыңыз, олардың және технологиялар туралы хабар аз болғандықтан, қауіп төнуі мүмкін.
5 желтоқсанда бүкіл әлемде еріктілер күні атап өтіледі. Еріктілік – мейірімді жүректердің, қайырымды ниеттердің, өтемсіз еңбектердің жарқын көрінісі. Бұл мереке - басқаның қайғысына бейжай қарамайтын, жүректері жылуға толы жандарға лайықты құрмет көрсетудің тағы бір себебі.
Ақтөбеде еріктілер полицияға хабар-ошарсыз жоғалғандарды табуға, өңірдегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге зор көмегін көрсетіп, полициямен бірлескен іздестіру және рейдтік шараларға да шығып жүр. Олардың ішінде әр саланың қызметкерлері – медицина мамандары, кәсіпкерлер, құрылысшылар, инженерлер, жас белсенділер т.б. бар.
Мереке қарсаңында Ақтөбе облысы полиция департаментінің бастығы Абай Жусупов тәртіп сақшыларына белсенді көмек көрсетіп, өңірдегі қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қомақты үлес қосып жүрген еріктілерді құттықтап, қайырымды, әрі қоғамға пайдалы істері үшін алғысын жеткізді.
«Еріктілік – бүкіл әлемке жылу сыйлайтын ерекше миссия. Сіздердің еңбектерінің біз үшін, қоғам өмірі үшін аса бағалы, әрі маңызды. Біз сіздерді мақтан тұтамыз, орасан зор пайдалы жұмыстарыңыз үшін, әріптестіктеріңіз үшін шексіз алғысымызды білдіреміз. Сіздерге сарқылмас қуат, амандық, барлық бастамаларыңызға сәттілік тілейміз! » - деді өзінің құттықтау сөзінде полиция департаментінің бастығы Абай Жусупов.
Мереке аясында департамент бастығы 16 еріктіні Алғысхатпен марапаттады, олардың ішінде «Зелло Поиск» еріктілер тобының мүшелері, полициямен бірлесіп рейдтік шараларға шығып жүрген еріктілер мен эко-белсенділер бар.
Еріктілер өз кезегінде, өздеріне зор сеніп білдіргені, үнемі қолдауы мен көмегі үшін полицейлерге ризашылығын жеткізді. «Біздің «Зелло Поиск» еріктілер командасында 30-ға жуық ерікті бар. Әлеуметтік парақшамызда 70 мыңдай оқырман тіркелген. Жыл басынан бері полициямен бірлесе отырып, хабар-ошарсыз жоғалғанға қатысты 150-ден аса іздестіру шарасын жүргіздік, бақытымызға қарай олардың көпшілігі аман-есен табылды. Тәртіп сақшыларымен тығыз байланыстамыз, бізді ұмытпай, еңбегімізді әрдайым елейтініне ризамыз» -деді «Зелло Поиск» еріктілер тобының ұйымдастырушысы Екатерина Голотина.
Бүгін Ақтөбе облысы Полиция департаменті жас тергеушілерге, анықтаушыларға және криминалистерге "оқиға орнын тексеру" тақырыбында оқыту тренингін өткізді.
Тренингті ПД Анықтау басқармасының бастығы Эльмира Суликанова өткізді.
Оның айтуынша, сабақтың бұл түрі теориялық білімді нығайтуға көмектеседі және жас мамандарға болашақта тәжірибеде көмектеседі.
Оқиға орнын тексеру дәлелдер жинауға және болған қылмыс туралы ақпарат алуға мүмкіндік беретін маңызды процедуралардың бірі болып табылады. Оқиға орнын тексеру іздерді анықтау, дәлелдемелерді белгілеу және оқиғалардың хронологиясын қалпына келтіру мақсатында жүргізіледі. Бұл дәрісте біз оқиға болған жерді тексеруге дайындықтың негізгі аспектілерін, оның ішінде техникалық және ұйымдастырушылық жұмысты, сондай-ақ осы процесте криминалистің рөлін қарастырдық.
Аудитория алдында түрлі тергеу жағдайлары ұсынылды, нәтижесінде олар оқиға болған жерді тексеру жүргізу бойынша тергеу нұсқаларын ұсына білуді және жедел-тергеу іс-шараларының жоспарын әзірлеуді үйренді.
Барлық қатысқан қызметкерлерге оқиға орнын тексеру ерекшеліктеріне көп көңіл бөлінген практикалық сабаққа қатысуға мүмкіндік берілді.
"Істі тергеу кезінде тергеуші болған оқиғаның шынайы бейнесін анықтауға міндетті. Оқиға орнын сауатты тексеру қылмыстық іс бойынша дәлелдемелердің негізгі көзі және табысты тергеудің кепілі болып табылады", - деп атап өтті Э.Суликанова.
Жалпы, кездесу өте мағыналы және нәтижелі өтті.
Құқық бұзушылықтарға «мүлде төзбеушілік» қағидасын нығайту, көшелер мен басқа қоғамдық орындарда тиісті қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында 20-30 қараша аралығында облыс аумағында «Құқықтық тәртіп» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Шараға полицейлермен қатар, әскери қызметшілер, жұртшылық өкілдері жұмылдырылды.
ЖПІШ өткізу кезінде кезекшілік тәулікте 79 қылмыс, оның ішінде қоғамдық орындарда жасалған қылмыстардың 57 пайызы, көшелердегі қылмыстардың 70 пайызы ашылды. Бұрын жасалған 36 қылмыс, бейнебақылау камераларының көмегімен 6 қылмыс ашылды, іздеуде жүрген 6 қылмыскер ұсталды. Есірткі заттарын заңсыз сақтаудың – 13, атыс қаруын заңсыз алып жүрудің– 3, оқ-дәрілер мен суық қаруды заңсыз алып жүрудің 4 дерегі анықталды.
Шара барысында 5199 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде қоғамдық тәртіпті бұзу – 2331 және жол қозғалысы ережелерін бұзу – 2868. Қоғамдық тәртіпті бұзушылықтардың ішінде алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға мас күйде келудің – 324, ұсақ бұзақылықтың – 170, қоғамдық орындарды ластаудың – 270 дерегі, сондай-ақ ата-аналардың бала тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамауының – 27, кәмелетке толмағандардың түнгі тұрғын үйден тыс жерде болуының – 55 дерегі анықталды. Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында мас күйіндегі көлік құралдарын басқарудың 44, көлік құралын басқару құқығынсыз, сондай-ақ көлік құралдарын басқару құқығынан айырылғандардың көлік басқаруының 133 дерегі анықталды.
Табиғат қорғау заңнамасын бұзу фактілерін анықтау, жолын кесу және алдын алу, экологиялық қылмыстық құқық бұзушылықтарды ашу мақсатында 1-31 желтоқсан аралығында облыс аумағында "Киік" кең ауқымды республикалық акциясы өткізіледі.
Акция ақбөкендерді қорғауды күшейтуге бағытталған. Себебі желтоқсан айының бірінші онкүндігінен бастап ақбөкендердің жұптасу кезеңі басталады. Осы кезеңде киіктер күшін жоғалып, көбінесе жыртқыштар мен браконьерлердің құрбаны болады.
Естеріңізге сала кетейік, облыс бойынша ақбөкендердің үш популяциясы – Бетпақдала (Ырғыз, Әйтеке би ауданының аумағы бойынша), Үстірт (Байғанин, Мұғалжар және Шалқар ауданының аумағы бойынша), Орал (Қобда және Ойыл ауданының аумағы бойынша) бар.
Ақтөбе қаласы ПБ Жедел басқару орталығының «102» телефоны 24/7 тәртібінде жұмыста. Себебі қылмыс әлемінің белгіленген регламенті жоқ, сондықтан полиция әрдайым байланыста.
Полицияның «102» операторларының тәуліктік кезекшілігі таңғы 8-де басталып, келесі таңға дейін жалғасады. Олар тәулігіне орташа есеппен азаматтардың 800-ден астам қоңырау қабылдайды, олардың 250-ге жуығы полиция жасақтарын жедел жолдауды қажет ететіндер. Қоңыраулардың мазмұны мен сипаты да әр түрлі. Бірі қылмыс оқиғалары туралы хабарласса, бірі жол-көлік оқиғалары бойынша, бірі әкімшілік құқық бұзушылықтарға қатысты хабарласады. Көршілерінің шуына, отбасылық жанжалға, қоқыс тастауға, жол ережелерін бұзушылықтарға қатысты «102» нөмірін теретіндер де басым.
«102» операторы Айнара Егізбаеваның айтуынша, құқық бұзушылықтардың жасалуының да өз мезгілі мен уақыты бар. Мысалы, жаз мезгілінде көшедегі құқық бұзушылықтарға қатысты қоңыраулар көбейсе, қыста ауа райы қолайсыз кезде жолда қалған жүргізушілер, жол-көлік оқиғалары туралы қоңыраулар көбейеді. Сондай-ақ, демалыс және мереке күндері «102-ге» түсетін шақыртулар саны артады. Ал, тәулік ішінде түнгі мезгілде отбасылық жанжалға, көршілерінің шуына қатысты қоңыраулар көбірек.
«102» операторы әдепті, коммуникативті, сергек, жан-жақты және стреске төзімді болуы тиіс. Себебі адамдар полицияға әртүрлі эмоционалдық күйде хабарласады. Ауыр қылмыстарға немесе ауыр жол-көлік оқиғаларына қатысты хабарласқан азаматтар көбіне есеңгіреген күйде болуы мүмкін. Оларды тыныштандыру, аса қажетті ақпараттарды ала білу үшін «102» операторынан нағыз кәсібилікті қажет етеді. Кейде алкогольдік мас күйдегі адамдар хабарласады, басқа төтенше қызметтерді шақырмақ болып бізге қателесіп түсіп те жатады. Әрбір шақырту міндетті түрде қаралады. Қылмыстардың «ізі суымай» ашылуы да «102» қызметкерінің шапшаңдығы мен кәсібилігіне тікелей байланысты» - дейді А.Егізбаева.
Полиция қызметкерлері мүдделі мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес және халықаралық ұйымдардың өкілдерін, жұртшылықты және БАҚ-ты тарта отырып, 25 қараша - 10 желтоқсан аралығында «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн белсенділік» республикалық акциясын өткізуді жоспарлауда.
Акция қарсаңында және «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында 20 қарашада Ақтөбе полицейлері осы шараға жұмылдырылған барлық мекемелердің, оның ішінде жергілікті атқарушы және мүдделі органдар, ҮЕҰ, Дағдарыс орталықтары басшылары мен психологтарының қатысуымен «Бақытты отбасы» орталығында дөңгелек үстел ұйымдастырды. Оның барысында мамандар түсіндіру және талқылау жұмыстарын жүргізіп, тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күрес кезінде канадалық «Одара» әдісін қолданудың пилоттық жобасымен таныстырды.
Бұл тәсіл полицияның жалпы үйлестіруімен барлық уәкілетті органдар мен азаматтық қоғамның нақты өзара іс-қимылын қамтамасыз етуге бағытталған, халықаралық тәжірибеге негізделген қадам.
Бүгін Ақтөбеде сот "Миллиардер" түнгі клубында екі кісіні өлтіру ісі бойынша үкім шығарды. Сотта 16 адам айыпталды: клубты жалға алушы, қалғандары күзетшілер мен олардың таныстары. Сот оларды 2 жылдан 17 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырды.
Клубтың 13 күзетшісіне және олардың 2 танысына әртүрлі баптар бойынша айып тағылды: кісі өлтіру, кісі өлтіруге оқталу, адам ұрлау, бұзақылық. Сот оларды 2 жылдан 17 жылға дейін бас бостандығынан айыруға үкім шығарды.
Түнгі клубты жалға алушы - қылмысты жасырғаны және хабарламағаны үшін айыпталып, 4 жылға бас бостандығынан айырылды.
Естеріңізге сала кетейік, қос кісі өлтіру өткен жылдың қазан айында "Миллиардер" түнгі клубында орын алды. Төрт ер адам Ақтөбеге Темір ауданынан армрестлингтен жарысқа қатысу үшін келген. Кейінірек олар түнгі клубқа барған, мұнда олар мекеме күзетшілерімен ауызша қақтығысып, арты пышақтасуға ұласқан.
Нәтижесінде, мемлекеттік айыптаудың мәліметінше, клубқа екі келушіні күзетшілер мен олардың таныстары ұрып өлтірген. Қалған екі келушіні олар қаланың шетіне апарып тастау үшін көліктің жүксалғышына салған, алайда олар жүксалғыштан қашып шыққан. Ал, өлгендердің денелері қала сыртындағы «Тропикана» жағажайында ағаштардың арасынан табылды.
20-30 қараша аралығында облыс аумағында «Құқықтық тәртіп» жедел -профилактикалық іс-шарасы өтуде. Шараның басты ерекшелігі - қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмыстарына қоғам өкілдерінің жұмылдырылуы.
Он күнге созылатын шара барысында өңірлік депутаттар, үкіметтік емес ұйымдардың, қоғамдық бірлестіктердің, жастар қозғалысының өкілдері, еріктілер, БАҚ өкілдері мен блогерлер күн сайын полицейлермен бірге патрульдеу жүргізуде.
Іс-шараның бірінші күні «ізін суытпай» 5 қылмыс ашылды. Тыйым салынған заттарды заңсыз сақтау немесе алып жүрудің 2 фактісі анықталды, оның ішінде 1 травматикалық тапанша және 1 суық қару (кастет).
"Мүлде төзбеушілік" тәртібімен 454 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде: отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қайшы әрекеттері үшін – 22, тыныштықты бұзғаны үшін – 13, ұсақ бұзақылық жасағаны үшін – 23, спирттік ішімдіктер ішкені немесе қоғамдық орындарда мас күйінде жүргені үшін – 33.
Жеті жүргізуші мас күйінде көлік жүргізген. Қарсы жолаққа шығудың 5 фактісі анықталды, 9 жүргізуші жаяу жүргіншілерге қозғалыс артықшылығын бермеген және 30 бұзушылыққа жаяу жүргіншілердің өздері жол берген.