Ақмола облысының полицейлері 6 000 000 теңгеге жуық зергерлік бұйымдарды ұрлау фактісін ашты

Ақмола облысының полицейлері 6 000 000 теңгеге жуық зергерлік бұйымдарды ұрлау фактісін ашты

Полиция қызметкерлері жедел – іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Көкшетау қаласында пәтер ұрлығын жасады деген күдіктіні анықтады.
Қылмыс өткен жылдың тамыз айында жасалған. Жәбірленушінің мәлімдемесінен қаскүнем сыртқы есіктің кілтін таңдап, үйге кірген. Пәтер ұрысының олжасы 5 400 000 теңгеге 15 зергерлік бұйым болды. Күдіктіні ізін суытпай анықтауға мүмкіндік болмады, алайда бірнеше ай бойы жедел уәкілдер арнайы іс-шаралар өткізді, оның барысында фигурант ұрланған құндылықтарды сататын орындар белгіленді. Оның бір бөлігін елордалық ломбардқа тапсырып, екінші бөлігін Алматы қаласының базарында сатқаны белгілі болды.
Іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер күдіктінің жеке басын анықтады. Қазіргі уақытта ұрлық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.