Ақмолалық полицейлерге заңсыз таксисті жауапқа тартуға көмектесті

Ақмолалық полицейлерге заңсыз таксисті жауапқа тартуға көмектесті

Ақмола облысының тұрғынының бейжай қарамауының арқасында полицейлер жолаушыларды заңсыз тасымалдаумен айналысқан жүргізушіні жедел анықтап, жауапкершілікке тартты.
Степногорск қаласының әлеуметтік желілерінің бірінде такси жүргізушісінің жолда өзін қауіпсіз ұстамағаны туралы жазба жарияланды. Жазба авторының айтуынша, жүргізуші көлік жүргізу кезінде телефоннан айырылмай, фильм көріп, ұялы телефонмен сөйлескен. Жолаушылардың айтуынша, мұндай салғырттық жол-көлік оқиғасына әкеп соғуы мүмкін еді.
Бұл ақпарат патрульдік полиция қызметкерлері арасында тез таралды. Жүргізушінің әдеттегі жүру бағыты анықталып, оның жиі төлем терминалдары арқылы өтетіні белгілі болды. Үйлесімді әрекеттердің арқасында 14 мамыр күні сағат 14:00 шамасында, «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында, Астана–Щучинск автожолының 71-ші шақырымында Ақмола облыстық патрульдік полициясы Toyota маркалы көлікті тоқтатты.
Құжаттарды тексеру кезінде полицейлер жолаушылардан сапардың мақсатын және жүргізушімен қандай қарым-қатынаста екенін нақтылады. Анықталғандай, олар Астанадан Петропавл қаласына сапарға тапсырыс берген. Яғни, жүргізуші тиісті тіркеусіз және рұқсат құжаттарынсыз кәсіпкерлік қызметпен айналысқан.
Аталған факті бойынша ер адамға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 463-бабы «Тиiстi тiркеусiз, рұқсатсыз немесе хабарлама жібермей кәсіпкерлік немесе өзге де қызметпен айналысу, сондай-ақ әрекеттердi (операцияларды) жүзеге асыру» бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Сонымен қатар, жарияланған жазбада көрсетілген шағымдарға байланысты профилактикалық әңгіме жүргізілді.
Полицейлер әлеуметтік желілер арқылы құқық бұзушылықтар туралы уақтылы хабарлайтын бейжай қарамайтын азаматтарға алғысын білдіреді. Қоғам мен құқық қорғау органдарының бірлескен күш-жігерінің арқасында құқық бұзушылықтарды жедел тоқтатып, жол қауіпсіздігін арттыру мүмкін болып отыр.