Степногор қаласында патрульдік полиция қызметкерлері қолынан жарақат алған төрт жасар баласы бар автокөлікті шұғыл түрде аурухананың қабылдау бөліміне дейін алып барды.

Степногор қаласында патрульдік полиция қызметкерлері қолынан жарақат алған төрт жасар баласы бар автокөлікті шұғыл түрде аурухананың қабылдау бөліміне дейін алып барды.

Патрульдік полиция қызметкерлеріне алғыс білдірілген жазба Instagram-дағы жергілікті паблик бетінде жарияланды. Азаматтар әлеуметтік желі арқылы Арман Блялов пен оның серіктесіне қиын жағдайда көрсеткен көмегі үшін ризашылығын білдірді.
Белгілі болғандай, биылғы 12 мамыр күні «Заводской – Степногорск» автожолында патрульдік полиция взводының инспекторлары, аға лейтенанттар Арман Блялов пен Амирхан Айтпаев кезекшілік атқарып жүрген болатын. Қызмет барысында полицейлер қарсы бағытта жоғары жылдамдықпен келе жатқан көлікті байқайды: жүргізуші асығып келе жатқаны анық еді және бұл өзге жол қозғалысына қатысушыларға қауіп төндіруі мүмкін болатын.
Инспекторлар көлікті тоқтатқаннан кейін, салонда төрт жасар баланың қатты жарақат алғанын біледі. Баланың ата-анасы жылап жатқан ұлын мүмкіндігінше тезірек ауруханаға жеткізуге тырысқан.
Қымбат уақытты жоғалтпау үшін полиция қызметкерлері көлікті қабылдау бөліміне дейін алып жүру туралы шешім қабылдап, жарық маяктарын қосып, оны медициналық мекемеге дейін жеткізді.
Аға лейтенант Арман Блялов – 18 жылдық тәжірибесі бар патрульдік қызметкер. Көп жылдық қызметінде ол осындай ондаған жағдайларды еске алады. Көбінесе дәл осындай кезекшіліктегі полиция қызметкерлері жүргізушілер мен жолаушыларға алғашқы көмек көрсететіндер болады.
Кейін баланың әкесі осы оқиғаны пост астындағы пікірде жазып, оқырмандармен бөлісті.