Көкшетауда киберполицейлер алаяқтар нөмірлерді ауыстыру үшін пайдаланатын "SIM-box" құрылғысын шетелдіктен тәркіледі.

Көкшетауда киберполицейлер алаяқтар нөмірлерді ауыстыру үшін пайдаланатын "SIM-box" құрылғысын шетелдіктен тәркіледі.

"Anti – fraud" жедел - алдын алу іс-шарасы аясында өңірдің прокуратурасының үйлестіруімен киберқылмысқа қарсы іс-қимыл құрылымының қызметкерлері Көкшетауда шетелдік азаматтың "SIM-box" құрылғысын пайдалану фактісін анықтады. Заңсыз құрылғы виртуалды абоненттік нөмірлерді тіркеуге арналған және оны алаяқтар Қазақстан Республикасының аумағында интернет – алаяқтық жасау үшін пайдаланады.
Тергеу іс-шаралары кезінде кибер полицейлер трафикті және виртуалды жеке желіні басқаруға арналған құрылғыны, ноутбукты, ұялы телефонды және роутерді тауып, тәркіледі. Бұл құрылғыларды фигурант сенгіш азаматтарды алдау үшін қолданғаны алдын-ала анықталды.
Осы факті бойынша полицейлер Қазақстан Республикасы ҚК 213-бабы 2-бөлігі (ұялы байланыстың абоненттік құрылғысының идентификация кодын заңсыз өзгерту) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. 21 жастағы көрші елдің азаматы ұсталып, қамауға алынды.