Ақмола облысының полицейлері 40 миллион теңгеге жуық ауыл шаруашылығы техникасының қосалқы бөлшектерін ұрлауды ашты

Ақмола облысының полицейлері 40 миллион теңгеге жуық ауыл шаруашылығы техникасының қосалқы бөлшектерін ұрлауды ашты

Полиция қызметкерлері жедел – іздестіру іс-шараларының нәтижесінде комбайндардан 39 миллион 627 мың теңгеге қосалқы бөлшектерді ұрлады деп күдіктелген үш адамды ұстады. Қылмыс ағымдағы жылдың сәуір айында Ақмола облысының Егіндікөл ауданында тіркелді. Қосалқы бөлшектер 2024 жылдың қарашасынан 2025 жылдың сәуіріне дейін жергілікті ЖШС аумағынан алты ай ішінде ұрланғаны анықталды. Ұрлық фактісі бойынша полицейлер қылмыстық іс қозғап, жедел – іздестіру іс-шараларының кешенін өткізді. Қабылданған шаралардың нәтижесінде криминалдық полиция қызметкерлері арнайы бөлініс жауынгерлерінің күштік қолдауымен Егіндікөл ауданында 35, 30 және 25 жастағы үш күдікті ұсталды. Қыс мезгілінде 30 жастағы ақмолалық шанамен ЖШС аумағынан қосалқы бөлшектерді әкетіп, содан кейін екі сыбайласының көмегімен Атбасар ауданындағы сатып алушыға сатқаны алдын ала анықталды. Өткізілген жедел іс-шаралардың арқасында ұрланған барлық қосалқы бөлшектер тәркіленіп, заттай дәлелдемелер ретінде іске қосылды. Қазіргі уақытта тергеу шаралары жалғасуда және қылмыс жасаудың өзге де мән-жайларыанықталуда. Тергеу полиция департаменті басшылығының бақылауында.